Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 29 июля 2020 года № 421 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал»

Ереже · № 182 · қабылданған 23.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2020-no-421-ekb-172235/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 29 июля 2020 года № 421 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал» Күшін жойған Ереже ·№ 182 ·23.09.2022
09.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 29 июля 2020 года № 421 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал»

Күшін жойған Ереже ·№ 182 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каражалского городского маслихата от 29 июля 2020 года № 421 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал»
Атауы (қаз.)
«Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі № 421 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
182
Қабылданған күні
23.09.2022
Көрсетілген редакция
09.02.2024 172235_684127.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22HC029891
ЭКБ идентификаторы
172235
Редакция идентификаторы
172235_684127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:52

0 «Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 шілдедегі №421 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІ:

1

1. Қаражал қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 шілдедегі №421 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5999 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШТI:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
5, 6, 7-тармақтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек келесі атаулы күндер мен мерекелерде бір уақытта көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауғанстан Республикасының аумағында ұрыс қимылдары кезеңінде қатысқан тұлғаларға;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде кәмелетке толған соң орта, техникалық және кәсіптік,
жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалар, оқу орындарын бітіргенге дейін (бірақ олар жиырма үш жасына жеткенге дейін);
3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне;
5) 6 шілде – Астана күні – 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулармен ауыратындар және туберкулездің әртүрлі нысандарымен ауыратындар);
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне;
7) 1 қазан – Қарттар күні – 70 және одан жоғары жастағы адамдарға;
8) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – Қаражал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
9) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған, саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесін алған ақталған азаматтарға.»;
9, 10-тармақтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Азаматтарды өмірлік қиын жағдайдағы тұлғалардың санатына жатқызу үшін түпкілікті негіздемелердің тізбесі мыналар болып табылады:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босау, пробация қызметінің есебінде тұру;
2) жетімдік;
3) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
4) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
5) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі.
Әлеуметтік көмек азаматқа (отбасына) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келтірген жағдайда - тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне табыстарды қоспағанда көрсетіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдайға тап болған жағдайда мұқтаждар қатарына жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) дүлей зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
2) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
10. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы