Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 501 «Об утверждении Правил доступа к оказанию услуг на территории аэропорта (аэродрома), не относящихся к аэропортовской деятельности»

Бұйрық · № 287 · қабылданған 29.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2020-no-501-ekb-213802/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 501 «Об утверждении Правил доступа к оказанию услуг на территории аэропорта (аэродрома), не относящихся к аэропортовской деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 287 ·29.08.2025
29.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 501 «Об утверждении Правил доступа к оказанию услуг на территории аэропорта (аэродрома), не относящихся к аэропортовской деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 287 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 501 «Об утверждении Правил доступа к оказанию услуг на территории аэропорта (аэродрома), не относящихся к аэропортовской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
287
Қабылданған күні
29.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
16.09.2025
Көрсетілген редакция
29.08.2025 213802_777256.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036763
ЭКБ идентификаторы
213802
Редакция идентификаторы
213802_777256
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:31

0 «Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әуежай қызметіне жатпайтын әуежай (әуеайлақ) аумағында қызметтер көрсетуге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы конкурс өткізеді. Әуежайдың бақыланатын аймағында қызмет көрсетуге қолжетімділік авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Конкурсты әуежайдың (әуеайлақтың) пайдаланушы ашық тәсілмен өткізеді, оған дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы отандық кәсіпкерлік субъектілеріне, қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қатысуға жіберіледі.
Әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы әуежайдың бақыланатын аймағында және халықаралық және ішкі терминалдардағы жалпы қолжетімділік аймағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді ұсыну үшін алаңның кемінде 50 (елу) пайызын отандық кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектілері үшін айқындайды.
5. Конкурсты әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушы мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткізеді:
1) конкурсты өткізудің ашықтығы мен жариялылығы;
2) конкурсқа қатысушылардың барлығына конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
3) конкурсқа қатысушылар арасындағы адал бәсекелестік;
4) қазақстандық тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қолдау көрсету.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы