О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2020 года № 553 «О распределении функций между органами управления образованием (управления образования областей, городов республиканского значения, столицы, а также подотчетные и подконтрольные им отделы образования, располагаемые в районах, городах или районах в городах областного и республиканского значения, столице), применяемых при формировании схем управления административно-территори
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2020 года № 553 «О распределении функций между органами управления образованием (управления образования областей, городов республиканского значения, столицы, а также подотчетные и подконтрольные им отделы образования, располагаемые в районах, городах или районах в городах областного и республиканского значения, столице), применяемых при формировании схем управления административно-территори
- Атауы (қаз.)
- «Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 227-НҚ
- Қабылданған күні
- 20.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2026 I229279_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26HP000227
- ЭКБ идентификаторы
- 229279
- Редакция идентификаторы
- I229279_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 28.08.2026 03:31
0
«Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 149) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуде:
тақырып атауының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу (бұдан әрі – функцияларды бөлу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 149) тармақшасына сәйкес және жергілікті атқарушы органдар білім беру саласындағы өздеріне жүктелген функцияларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы білім бөлімдері арқылы іске асыру мақсатында әзірленді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;
53-2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 50-1) және 50-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«50-1) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;
50-2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық деңгейдегі орындаушылар конкурстарына, спорттық жарыстарға, сондай-ақ республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың қатысуын қамтамасыз етеді;».
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ әділет органдарын хабардар етуді;