О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 29 декабря 2020 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянских хозяйствах «Сартұмсық» и «Сымбат» Шиликтинского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Шиликтинского сельского округа Зайсанского района от 29 декабря 2020 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянских хозяйствах «Сартұмсық» и «Сымбат» Шиликтинского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шілікті ауылдық округіне қарасты «Сартұмсық» және «Сымбат» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 22.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2021 155523_534199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21VKC08673
- ЭКБ идентификаторы
- 155523
- Редакция идентификаторы
- 155523_534199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:29
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және
«Шілікті ауылдық округіне қарасты
«Сартұмсық» және «Сымбат» шаруа
қожалықтарына шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» Зайсан ауданы Шілікті
ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29
желтоқсандағы № 6 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 сәуірдегі №447 ұсынысы негізінде Шілікті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округіне қарасты «Сартұмсық» және «Сымбат» шаруа қожалықтарына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 «Шілікті ауылдық округіне қарасты «Сартұмсық» және «Сымбат» шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 30 желтоқсанында № 8119 болып тіркелген, 2021 жылғы 12 қаңтарда «Достық»газетінде жарияланған және 2021 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.