О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 653 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего органов внутренних дел из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 сентября 2020 года № 653 «Об утверждении Правил отзыва военнослужащего органов внутренних дел из ежегодного основного отпуска в случае служебной необходимости»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 13.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 157930_535113.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024003
- ЭКБ идентификаторы
- 157930
- Редакция идентификаторы
- 157930_535113
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:11
0 «Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін
қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларында:
4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«басқа қызметтік қажеттілік жағдайларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының шешімі бойынша.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.