Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств»

Бұйрық · № 121 · қабылданған 22.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2020-no-66-ekb-153055/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств» Қолданыста Бұйрық ·№ 121 ·22.02.2021
22.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств»

Қолданыста Бұйрық ·№ 121 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 66 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств»
Атауы (қаз.)
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
22.02.2021
Көрсетілген редакция
22.02.2021 153055_512338.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022253
ЭКБ идентификаторы
153055
Редакция идентификаторы
153055_512338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:28

0 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20771 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 4 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электроннық форматта өтініш (бұдан әрі - өтініш) – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасы тапсырады: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
8 және 9-тармақтары алып тасталсын.
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. Осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге электрондық өтініш түскен кезде заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді.
Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді; жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын дайындайды.
Жауапты орындаушы қарағаннан кейін жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру туралы бұйрық уәкілетті органның басшылығына қол қоюға жіберіледі.
Басшылық бұйрыққа қол қойғаннан кейін жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын электрондық форматта жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.»;
12, 13 және 14-тармақтары алып тасталсын.
15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«19. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тікелей мемлекеттік қызметті берушінің әрекеттеріне қатысты шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.»;
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша келесі редакцияда жазылсын;
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 3-қосымшасы алып тасталсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнер кәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің
2021 жылғы 22 ақпандағы № 121
Бұйрыққа қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
жатпайтын заңды тұлғаның, сонда-ақ
акционерлік қоғамның, олардың
филиалдары мен өкілдіктерінің
жарғысының (ережесінің)
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет ережеге
2-қосымша
«Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне жат­пай­тын заң­ды тұл­ға­ның, сон­дай-ақ ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ның, олар­дың фи­ли­ал­да­ры мен өкіл­дік­те­рі­нің жар­ғы­сы­ның (ере­же­сі­нің) тел­нұс­қа­сын
бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік мәр­те­бе­сі бар қо­ғам­дық және ді­ни бір­ле­стіктер, оның ішін­де са­я­си пар­ти­я­лар, ше­тел­дік және ха­лы­қа­ра­лық ком­мер­ци­я­лық емес үкі­мет­тік емес бір­ле­стіктер­дің фи­ли­ал­да­ры мен өкіл­дік­те­ріне қа­ты­сты Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі;
Жер­гі­лік­ті мәр­те­бе­сі бар қо­ғам­дық және ді­ни бір­ле­стіктер­ді, заң­ды тұ­лға­лар­дың бір­ле­стікте­рі мен қор­ла­рын, қо­ғам­дық және ді­ни бір­ле­стіктер­дің фи­ли­ал­да­ры мен өкіл­дік­те­ріне қа­ты­сты аумақ­тық әді­лет ор­ган­да­ры;
«Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның фи­ли­ал­да­ры ком­мер­ци­я­лық ұй­ым­дар бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұ­лға­лар­ға, фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ге қа­ты­сты.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен кей­ін­гі 1 жұ­мыс кү­ні ішін­де жүр­гі­зі­ле­ді.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сіне жат­пай­тын заң­ды тұл­ға, сон­дай-ақ ак­ци­о­нер­лік қо­ғам, олар­дың фи­ли­ал­да­ры мен өкіл­дік­те­рі жар­ғы­сы­ның (ере­же­сі­нің) тел­нұс­қа­сы неме­се бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
Қыз­мет көр­се­ту­ші­лер:
1) Ми­ни­стр­лік­те және аумақ­тық әді­лет ор­ган­дар­да – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы­ның фи­ли­ал­да­рын­да – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
3) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­нен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) қо­са бе­рі­л­ген қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) заң­ды тұл­ға­ның мө­рі­мен (ол болған кез­де) бе­кі­ті­л­ген жар­ғы­ның (ере­же­нің) тел­нұс­қа­сын алу ту­ра­лы заң­ды тұл­ға­ның уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ше­ші­мі не ше­ші­мі­нен үзін­ді­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) жар­ғы­ның (ере­же­нің) түп­нұс­қа­сы­ның жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы ақ­па­рат көр­се­ті­л­ген мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лы­мын­да жа­ри­я­лан­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) шы­найы еме­сті­гін анық­тау.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы