Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства

Бұйрық · № 865 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2020-no-69-ekb-229576/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства

Күшіне енбеген Бұйрық № 865 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 69 «Об утверждении правил оказания государственных услуг по вопросам исполнительного производства
Атауы (қаз.)
«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
865
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229576_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039776
ЭКБ идентификаторы
229576
Редакция идентификаторы
I229576_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету/тоқтата тұру мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын алым сомасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде көрсетілген.
Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «цифрлық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы нысан бойынша электрондық құжат нысанында жолдайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініштегі мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді екі күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұрады.
Тоқтата тұру себептері жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды жою мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерді аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.»;
10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету/тоқтата тұру мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын алым сомасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде көрсетілген.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініштегі мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді екі күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұрады.
Тоқтата тұру себептері жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды жою мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту береді.»;
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде (бұдан әрі - Цифрлық жүйе) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Цифрлық жүйеде тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Цифрлық жүйеде тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді;».

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Әділет министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 865 Бұйрығына
қосымша
«Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысу
құқығына үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 1-қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе).
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді.
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал).
3
Мемлекеттік қызметті көрсету /тоқтата тұру мерзімі
Тіркеген уақыттан бастап 15 жұмыс күні.
2 күнтізбелік күн.
4
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны
Электронды (ішінара цифрландырылған)/көрсетілетін композиттік қызмет.
5
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі
Аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшері
Алынбайды.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; өтінімдерді қабылдау - 08.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік цифрлық жүйелерден «Цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді беруді қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында қызмет атқармайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.
9
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде
10
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген, Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» композиттік мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық Үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында бір өтініш жолдайды.

1.1 ХАБАРЛАМА «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы

Бұйрығына қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер
адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
қағидаларына 2-1-қосымша
Нысан
ХАБАРЛАМА
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы
№ ____ «___» __________ 20 __ жыл
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген
«__________________________________________________________»
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
№ ____ болып «____» __________ 20 __ жылы тіркелген өтінішіңіз қаралды.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
☐ мемлекеттік органдар қарайтын, сотта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмауы.
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылуы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: «___» ________ 20 __ жылға дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ______________________________
Т.А.Ә.: _________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)

1.2 Бұйрығына қосымша

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1
Қызметтің атауы
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру».
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы
Лицензияны қайта ресімдеу.
3
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі.
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.
5
Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету мерзімі
Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі
Порталға жүгінген сәттен бастап жұмыс кестесін және құжаттарды қабылдау уақытын ескере отырып:
лицензия беру кезінде 10 (он) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде 20 (жиырма) минут.
2 күнтізбелік күн
6
Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету нысаны
Электронды (ішінара цифрландырылған) / көрсетілетін композиттік қызмет.
Лицензияны қайта ресімдеу – электронды (толықтай цифрландырылған).
7
Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету нәтижесі
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
8
Мемлекеттік қызметті/мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету кезінде алынатын төлем
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 2025 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабына сәйкес алынады:
1) лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу қолма-қол және (немесе) төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) беретін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, не ЭҮТШ арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады.
9
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 08.00- ден 17.30-ға дейін, сағат 12.00- ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен; өтінімдерді қабылдау - 08.00-ден 17.30-ға дейін.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
10
Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсету үшін құжаттар тізбесі
Лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға арналған талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
3) «Цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  35-бабына сәйкес прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесі прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі (теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда).
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардағы жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесі, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемiнде екі жыл жұмыс өтiлi болған адамдар үшін талап етіледі (теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда).
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы мәліметтер мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады
11
Мемлекеттік қызмет/кіші түрін көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Лицензияны беруден бас тарту үшін негіз, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салса;
7) жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданылуы тоқтатылған не жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған тұлғалар;
8) мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс негіздер бойынша босатылған адамдар;
9) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса.
12
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің/ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары 8 (7172) 74-06-23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» композиттік мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы бір өтініш жолдайды.

2 ХАБАРЛАМА «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы

Бұйрығына қосымша
«Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға лицензия
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына 1-2-қосымша
Нысан
ХАБАРЛАМА
«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызметті көрсету процесін тоқтата тұру туралы
№ ____ «___» __________ 20 __ жыл
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген
«__________________________________________________________»
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
№ ____ болып «____» __________ 20 __ жылы тіркелген өтінішіңіз қаралды.
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
☐ мемлекеттік органдар қарайтын, сотта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмауы.
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателердің немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасының ұсынылуы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: «___» ________ 20 __ жылға дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: ______________________________
Т.А.Ә.: _________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)