О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2020 года № 908 «О некоторых вопросах приватизации на 2021 – 2025 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2020 года № 908 «О некоторых вопросах приватизации на 2021 – 2025 годы»
- Атауы (қаз.)
- «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 11.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2024 192684_684669.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000004
- ЭКБ идентификаторы
- 192684
- Редакция идентификаторы
- 192684_684669
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:31
0 «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 5.3-жол мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12) және 12.1) жолдармен толықтырылсын:
«
12)
«Тегіс Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында:
12.1)
«Маңғышлақ Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
»;
реттік нөмірі 6.4-жолдың реттік нөмірлері 3) және 3.1) жолдары алып тасталсын;
реттік нөмірі 9.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
7.
«QAZAQ AIR» акционерлік қоғамы
екі кезеңді
ашық конкурс
2024
»;
реттік нөмірі 8.6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.
6.
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы, оның құрамында:
IPO
2023-2024
1)
«БатысТранзит» акционерлік қоғамы
»;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-2.4-жолмен толықтырылсын:
«
6-2.
4.
«East Copper» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
»;
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» және «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы» деген бөлімдер алып тасталсын.