О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Курчатовского городского маслихата от 29 декабря 2021 года № 12/87-VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Курчатов»
- Атауы (қаз.)
- Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/31-VIII
- Қабылданған күні
- 23.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2024 182095_701766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FB008218
- ЭКБ идентификаторы
- 182095
- Редакция идентификаторы
- 182095_701766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:50
0 Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/87-VII «Курчатов қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26182 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
4 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқыту арналған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
«6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2- косымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2- косымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген кажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».