О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 262 «Об утверждении Правил и условий применения освобождения от налога на добавленную стоимость при импорте товаров, по которым изменен срок уплаты косвенных налогов и исполнены требования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 марта 2021 года № 262 «Об утверждении Правил и условий применения освобождения от налога на добавленную стоимость при импорте товаров, по которым изменен срок уплаты косвенных налогов и исполнены требования»
- Атауы (қаз.)
- «Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 30.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2023 179336_628645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032173
- ЭКБ идентификаторы
- 179336
- Редакция идентификаторы
- 179336_628645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:05
0 «Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22430 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидаларында мен шарттарында:
3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ҚҚС төлеуден босатуға төлемді кейінге қалдыра отырып төлеу тәсілін өзгерту бөлігінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына одан әрі экспорттауға арналған тауарлар бойынша ТД түзетуге арналған өтініш (еркін нысанда);».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.