Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 29 ноября 2021 года № 4829 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по городу Усть-Каменогорску на 2022 год»

Қаулы · № 3057 · қабылданған 08.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2021-no-4829-2022/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 29 ноября 2021 года № 4829 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по городу Усть-Каменогорску на 2022 год» Қолданыста Қаулы ·№ 3057 ·08.09.2022
08.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 29 ноября 2021 года № 4829 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по городу Усть-Каменогорску на 2022 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 3057 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 29 ноября 2021 года № 4829 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по городу Усть-Каменогорску на 2022 год»
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 4829 «Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3057
Қабылданған күні
08.09.2022
Көрсетілген редакция
08.09.2022 172057_593343.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VA03057A
ЭКБ идентификаторы
172057
Редакция идентификаторы
172057_593343
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:14

0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 4829

«Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 4829 «Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1. Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сай белгіленсін.».

қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өскемен қаласы бойынша 2022 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота».

2

2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыға қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы