О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 513 «Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 53)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 513 «Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 53)»
- Атауы (қаз.)
- «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (53-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 316
- Қабылданған күні
- 17.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2022 170766_588885.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029183
- ЭКБ идентификаторы
- 170766
- Редакция идентификаторы
- 170766_588885
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:35
0 «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығын (53-шығарылым) бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 513 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (53-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26508 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (53-шығарылым):
1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
0 Әуе кемелерінің сыныптамалау ең жоғары ұшу салмағы (сертификатталған) және жабдықтармен жарақталуына қарай
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі 2022 жылғы
17 тамыздағы
№ 316 бұйрығымен
бекітілген/
Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік
анықтамалығына
(53-шығарылым)
1-қосымшасы
Әуе кемелерінің сыныптамалау ең жоғары ұшу салмағы (сертификатталған) және жабдықтармен жарақталуына қарай
Жіктеу
Көрсету
Ең жоғарғы ұшып көтерілу масса (килограмм)
Ұшақтар
Тікұшақтар
Ауыр
I сынып
136000 жоғары
10000 жоғары
Орташа
II сынып
5700-ден 136000 дейін
3180-нен 10000 дейін
Жеңіл
III сынып
2250-ден 5700 дейін
2250-ден 3180 дейін
IV сынып
750-ден 2250 дейін
750-ден 2250 дейін
Өте жеңіл
V сынып
750-ден кем емес
750-ден кем