О внесении изменения и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 199-НҚ
- Қабылданған күні
- 26.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2024 196238_697914.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24TI000199
- ЭКБ идентификаторы
- 196238
- Редакция идентификаторы
- 196238_697914
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:46
0 «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесісінде:
16-тармағында:
15)-тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«15) тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу және қайта ресімдеу үшін өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
келесі мазмұндағы 48) – 56)-тармақшаларымен толықтырылсын:
«48) құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға рұқсаттар береді;
49) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
50) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
51) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде сауда саласындағы кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастырады;
52) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
53) консультативтік-кеңесші органдар – кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер құрады, уәкілетті орган бекіткен үлгілік ереже негізінде реттейтін салалардағы салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
54) сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) өзектендіреді;
55) сауда саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлейді және (немесе) өзектендіреді, бекітеді;
56) Ұлттық біліктілік жүйесі мәселелері бойынша жұмыс берушілер бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен) өзара іс-қимыл жасайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;