Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан»

Бұйрық · № 355-НҚ · қабылданған 15.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2021-no-658-ekb-201851/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 355-НҚ ·15.10.2024
15.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 355-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 658-НҚ «Об утверждении положения республиканского государственного учреждения «Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
355-НҚ
Қабылданған күні
15.10.2024
Көрсетілген редакция
15.10.2024 201851_724360.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24TI000355
ЭКБ идентификаторы
201851
Редакция идентификаторы
201851_724360
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:12

0 «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесісінде:
16-тармақта:
12) және 13)-тармақшалар алынып тасталсын;
20)-34)-тармақшалар алынып тасталсын;
41), 42) және 43)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«41) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
42) мемлекеттік кірістер органдарынан алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады;
43) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама береді;»;
мынадай мазмұндағы 57), 58) және 59) тармақшалармен толықтырылсын:
«57) шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін айқындауға қатысады;
58) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдауды көздеу көрсетуді қарастырады;
59) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тәртібін бекітуге және оларды көрсетуге қатысады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы