Құжат мәтініне өту

Решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года №119 «О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района»

Ереже · № 119 · қабылданған 29.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2021-no119-10-2014-no-222/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года №119 «О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 119 ·29.12.2021
12.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года №119 «О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 119 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года №119 «О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района»
Атауы (қаз.)
Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №119 шешімі
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
119
Қабылданған күні
29.12.2021
Көрсетілген редакция
12.12.2024 172522_733529.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21LH00119M
ЭКБ идентификаторы
172522
Редакция идентификаторы
172522_733529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:20

0 Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №119 шешімі

Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Сырдария аудандық мәслихатының «Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4658 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Сырдария аудандық мәслихатының

2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№119 шешіміне қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№222 шешімімен бекітілген
Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, кент және ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық қабырғаларына және баршаға көрінетін жерлерге орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы