Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 29 апреля 2021 года №47 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 296 · қабылданған 18.11.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2021-no47/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 29 апреля 2021 года №47 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 296 ·18.11.2022
24.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 29 апреля 2021 года №47 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 296 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 29 апреля 2021 года №47 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №47 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
296
Қабылданған күні
18.11.2022
Көрсетілген редакция
24.10.2023 174385_661164.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22LD030689
ЭКБ идентификаторы
174385
Редакция идентификаторы
174385_661164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:57

0 Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №47 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ШЕШТІ:

1. Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №47 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8348 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) өмірлік қиын жағдайға тап болғандар, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):
туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
аплазиялық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
санаторий-курорттық емделу қызметіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен ілесіп жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы