О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 29 июня 2022 года № 03/16 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление экономики области Ұлытау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 29 июня 2022 года № 03/16 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление экономики области Ұлытау»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39/02
- Қабылданған күні
- 28.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 186255_655161.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23H003902A
- ЭКБ идентификаторы
- 186255
- Редакция идентификаторы
- 186255_655161
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:38
0 «Ұлытау облысының экономика басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 маусымдағы
№ 03/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 маусымдағы № 03/16 Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
1 «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Ұлытау облысы әкімінің
2023 жылғы 28 шілдедегі
№ 39/02 қаулысына
қосымша
Ұлытау облысы әкімінің
2022 жылғы 29 маусымдағы
№ 03/16 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ұлытау облысының экономика басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика басқармасы) Ұлытау облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, стратегиялық, экономикалық және бюджеттік салаларда басшылық жүргізетін мемлекеттік органы болып табылады.
2
2. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Үкіметінің, Ұлытау облысы əкімінің жəне əкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сəйкес жүзеге асырады.
3 3. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4 4. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 5. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сəйкес осыған уəкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан Азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6 6. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мəселелері бойынша заңнамада белгіленген тəртіппен Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сəйкес бекітіледі.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100600 Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ұлытау облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Осы Ереже Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесіне Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кəсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Экономика басқармасы мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер əкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13 13. Мақсаттары:
1 1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2 2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік саясатты жүзеге асыру;
3 3) облыста өңірлік даму саясатын іске асыру.
14 14. Функциялары:
1 1) салалық басқармалармен бірлесіп облыстың даму жоспарын әзірлеу және мониторингілеу;
2 2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
3 3) жергілікті атқарушы органның меморандум жобасын әзірлеу;
4 4) облыстың, қала және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
5 5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторингілеу;
6 6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетті жоспарлы кезеңге әзірлеу;
7 7) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау;
8 8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін. Жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың даму жоспары мен мемлекеттік органның ережесінде анықталған өкілеттіктер негізінде айқындау;
9 9) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қарау және қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
10 10) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау;
11 11) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет жобасын жасайды және оны облыстың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
12 12) облыстық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
13 13) инвестициялық ұсыныстарды қарау, олардың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
14 14) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестицияларды іске асыруға мониторингті жүргізу;
15 15) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыруы жоспарланған, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық тұжырымдамасын дайындау;
16 16) өндіру келісім-шарттарының жобасына, біріккен барлау және өндіру келісім-шарттарының жобаларына, сондай-ақ өндіру бөлігінде бұрын жасалған келісім-шарттарына толықтырулар мен өзгертулердің жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
17 17) жергілікті атқарушы органмен айқындалған, заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының инвестициялық ұсынысына және (немесе) бизнес-жоспарына берілетін қорытындыны дайындау;
18 18) іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тізбесін қалыптастыру және бекіту;
19 19) Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, орталық атқарушы органдардың, әкімнің және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау;
20 20) бухгалтерлік есеп және есеп беру, кадрлық-құқықтық жұмыстар жұмысы, әкімшілік шаруашылық қызметті жүргізу;
21 21) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық сандары лимиттерін белгілеу және көліктік қызмет көрсету туралы қаулысын әзірлейді және әкімдіктің қарауына енгізеді;
22 22) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
23 23) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;
24
24) «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға мамандардың қажеттілігін қалыптастыру және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мониторингі;