Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 1033 «Об утверждении Правил использования и мониторинга средств Специального государственного фонда»

Бұйрық · № 3 · қабылданған 06.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2023-no-1033-ekb-206212/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 1033 «Об утверждении Правил использования и мониторинга средств Специального государственного фонда» Қолданыста Бұйрық ·№ 3 ·06.01.2025
06.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 1033 «Об утверждении Правил использования и мониторинга средств Специального государственного фонда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 3 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 1033 «Об утверждении Правил использования и мониторинга средств Специального государственного фонда»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
06.01.2025
Көрсетілген редакция
06.01.2025 206212_738996.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035631
ЭКБ идентификаторы
206212
Редакция идентификаторы
206212_738996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:27

0 «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және

мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының
2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Түсім кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» қайтарылған қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша» және «Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес «Арнаулы мемлекеттік қорға» басқарушы компанияның меншігіне не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті өткізуден түсетін ақша» түсімдер кодтарына түскен арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.
Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның өтінішхатын РБК осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес түсімдердің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына 1 (бір) рет қарайды.
Бұл ретте қаржыландыруды есептеу активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қаржыландырудың соңғы бөлінуінен кейін арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер сомасынан жүргізіледі.»;
16-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасы осы бұйрық қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

7 Жобаға Әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхат

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 03 Бұйрығына
қосымша
Арнаулы мемлекеттік қор
қаражатын пайдалану және
мониторингтеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Жобаға Әлеуметтік және экономикалық жобалар тізбесін енгізуге өтінішхат
Орталық мемлекеттік орган/жергілікті уәкілетті орган Арнаулы мемлекеттік қор (бұдан
әрі – Қор) қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларына сәйкес жобаға
____________________________________________________________________
(әлеуметтік және экономикалық жобалардың атауын көрсету)
тізбесін енгізуді сұрайды
Әлеуметтік/экономикалық жобаның негізгі сәйкестендіру сипаттамалары:
1) сметалық құны _____________ мың теңге;
2) _______________ № __________ техникалық-экономикалық негіздеменің/жобалау-
сметалық құжаттаманың кешенді ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы;
3) жасалған мемлекеттік сатып алу шарты бойынша құны _____ мың теңге;
4) жобалық қуаттылығы _____________орын;
5) қабаты ____;
6) ауданы (жалпы, кабинеттер) _________ шаршы метр;
7) орналасқан жері (мекенжайы) __________________________________;
8) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ________________________;
9) жер учаскесінің ауданы__________________________________.
Инвестициялық жоба бойынша Қордан қаржыландырудың талап етілетін сомасы
______________________________ (сандармен және жазумен) мың теңге.
Өтінішхатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің
(заңнамада көзделген жағдайларда) және жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс
кешенді сараптамасының оң қорытындысы.
Қосымша: ______________ парақта.
Орталық мемлекеттік орган басшысы / облыс,
республикалық маңызы бар қала және астана әкімі ______________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны

Қолданыстағы