О внесении изменения в решение Каргалинского районного маслихата от 29 декабря 2023 года № 123 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каргалинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Каргалинского районного маслихата от 29 декабря 2023 года № 123 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каргалинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 26.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2024 198526_708696.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24CF860204
- ЭКБ идентификаторы
- 198526
- Редакция идентификаторы
- 198526_708696
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:51
0 Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8483 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».