Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 17 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан»

Бұйрық · № 231 · қабылданған 03.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2023-no-17-ekb-198581/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 17 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 231 ·03.07.2024
03.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 17 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 231 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 29 сентября 2023 года № 17 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
231
Қабылданған күні
03.07.2024
Көрсетілген редакция
03.07.2024 198581_708918.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24IK000231
ЭКБ идентификаторы
198581
Редакция идентификаторы
198581_708918
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:42

0 «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2), 68-3), 68-4), 68-5), 68-6) және 68-7) тармақшалармен толықтырсын:
«68-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
68-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
68-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
68-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
68-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу;
68-6) азаматтық авиация саласында салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;
68-7) азаматтық авиация саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру;».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы