О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 266 «Об утверждении Правил организации специальных рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 266 «Об утверждении Правил организации специальных рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 16.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2023 187323_659955.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033552
- ЭКБ идентификаторы
- 187323
- Редакция идентификаторы
- 187323_659955
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:19
0 «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32967 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 108-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2023 жылғы 16 қазандағы
№ 442 бұйрығына
қосымша/
Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: мансап орталықтарына.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖОС-1.
Кезеңділік: ай сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы ________ айы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне қарай.
Кесте. Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер
Жұмыс берушінің атауы
БСН/ЖСН
Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі
Қызмет көрсететін банктің атауы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен)
Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Айдағы жұмыс күндерінің саны
Нақты жұмыс істеген күндер
Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері
Аударылған жалақының сомасы, теңге
Зейнетақы жарналарының сомасы
Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге
7
8
9
10
11
12
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы: __________________________________ __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:
_____________________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Күні: 20__ жылғы «___» ____________________.
Мөрдің орны
1 «Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Арнайы жұмыс орындарына
жұмысқа орналасқан адамдар
туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы
мәліметтер» әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме