Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2023 года № 281 «Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба»

Бұйрық · № 366 · қабылданған 27.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2023-no-281/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2023 года № 281 «Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба» Қолданыста Бұйрық ·№ 366 ·27.08.2025
27.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2023 года № 281 «Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба»

Қолданыста Бұйрық ·№ 366 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2023 года № 281 «Об утверждении перечня организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба»
Атауы (қаз.)
«Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366
Қабылданған күні
27.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
09.09.2025
Көрсетілген редакция
27.08.2025 213652_780363.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036697
ЭКБ идентификаторы
213652
Редакция идентификаторы
213652_780363
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:35

0 «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі»;
ескертпелердің 3, 4, 5 және 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өндірістік-өнеркәсіптік аймақта орналасқан шаруашылық жүргізу ұйымдары мен объектілерін өртке қарсы қорғауды бір өрт бөлімшесі кәсіби өртке қарсы қызметтің қызметкерлері мен ұтқыр өрт техникасына қызмет көрсету және оны ұстау жөніндегі аталған кәсіпорындардың үлестік қатысуы арқылы қамтамасыз ете алады. Бұл ретте бөлімшенің жалпы штат саны мен техникалық жарақтандырылуы әр кәсіпорынның өндірістік сипаттамаларын ескере отырып айқындалады.
4. Өнеркәсіп объектілерінде көшпелі техникамен кәсіби өртке қарсы қызметті құру кезінде өрт депосына қызмет көрсету радиусы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
5. Кәсіби өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуы мен қызметкерлер саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелді) Кәсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
6. Аталған тізбеге енбеген және кәсіби өртке қарсы қызмет бөлімшелері бар ұйымдар мен объектілер олардың одан әрі жұмыс істеуін сақтайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі

Қолданыстағы