О внесении изменений в решение областного маслихата от 29 сентября 2023 года № 57 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Актюбинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение областного маслихата от 29 сентября 2023 года № 57 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Актюбинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 86
- Қабылданған күні
- 13.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2023 191240_675451.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23C000086M
- ЭКБ идентификаторы
- 191240
- Редакция идентификаторы
- 191240_675451
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:55
0 «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларының 2-тармағының 6), 15), 18), 21), 25), 26) және 27) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
6) ағаштарды жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы жер учаскесінде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй;
18) көгалдандыру жөніндегі ұйым – елді мекен аумағындағы жасыл еспелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды көгалдандыру, күтіп-ұстау, күту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
21) мәжбүрлі түрде кесу – ағаштарды кесу, оның ішінде авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды кесу;
25) санитариялық кесу – уәкілетті органның келісімі бойынша авариялық жағдайлар туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырын бұзатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін) ауру, құрғап бара жатқан, құрғақ және зақымдалған бұтақтарды кесу;
26) санитариялық мақсатта ағаш кесу – уәкілетті органның келісімі бойынша жасыл екпелердің санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), бұл кезде ауру, зақымданған, қураған ағаштарды кесу;
27) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған жолдың элементі;
25-тармақтағы «шағын қалаларда» деген сөздер «елді мекендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармақтың 11) тармақшасындағы «ағаштың қуысы» деген сөз «ағаш діңдеріндегі бос жерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;