О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 605-НҚ «Об утверждении Правил доступа к заседаниям обладателей информации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и информации Республики Казахстан от 29 декабря 2023 года № 605-НҚ «Об утверждении Правил доступа к заседаниям обладателей информации»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89-НҚ
- Қабылданған күні
- 11.03.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2025 207973_748401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035810
- ЭКБ идентификаторы
- 207973
- Редакция идентификаторы
- 207973_748401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:40
0 «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33861 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «таратылуы шектелген» қызметтік ақпарат;».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.