Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане»

Ереже · № 279/35-VIII · қабылданған 18.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2023-no-769-viii/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане» Қолданыста Ереже ·№ 279/35-VIII ·18.03.2025
18.03.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане»

Қолданыста Ереже ·№ 279/35-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Астане»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279/35-VIII
Қабылданған күні
18.03.2025
Көрсетілген редакция
18.03.2025 208481_751537.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25AAZ14070
ЭКБ идентификаторы
208481
Редакция идентификаторы
208481_751537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:33

0 «Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII «Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 1355-01 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) әзірленді және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары тәртібін айқындайды.
Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.
Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар «Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» қағидалар жинағымен» (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Астана қаласы әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Астана қаласында аудандар әкімдерінің аппараттары зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.
Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Мынадай:
1) зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;
2) сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.
Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.»;
7-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі»;
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылады».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы