Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2023 года № 9/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 20/5 · қабылданған 17.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2023-no-92/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2023 года № 9/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста Ереже ·№ 20/5 ·17.07.2024
17.07.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2023 года № 9/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Ереже ·№ 20/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2023 года № 9/2 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, сельского округа, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Жамбылском районе Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 9/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/5
Қабылданған күні
17.07.2024
Көрсетілген редакция
17.07.2024 198896_714042.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24SG00205M
ЭКБ идентификаторы
198896
Редакция идентификаторы
198896_714042
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:31

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық

жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын
бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 9/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 9/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189603 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183283 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2024 жылғы 17 шілдедегі
№ 20/5 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 9/2 шешіміиен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, ауылдық округ, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183283 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында ауыл, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6 6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары мынадай тәртіппен ұсынады:

1 1) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны:

жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі Пресновка ауылының бір көшесінен 1 (бір) өкілден;

2 2) ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуға құқығы бар Преснов ауылдық округін қоспағанда, ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ кемінде 1 (бір) адам және 3 (үш) адамнан көп емес.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Қолданыстағы