Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 февраля 2024 года № 110/НҚ «Об утверждении Правил функционирования единого репозитория «электронного правительства»

Бұйрық · № 606/НҚ · қабылданған 27.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2024-no-110-ekb-201145/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 февраля 2024 года № 110/НҚ «Об утверждении Правил функционирования единого репозитория «электронного правительства» Қолданыста Бұйрық ·№ 606/НҚ ·27.09.2024
27.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 февраля 2024 года № 110/НҚ «Об утверждении Правил функционирования единого репозитория «электронного правительства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 606/НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 февраля 2024 года № 110/НҚ «Об утверждении Правил функционирования единого репозитория «электронного правительства»
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
606/НҚ
Қабылданған күні
27.09.2024
Көрсетілген редакция
27.09.2024 201145_722026.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035151
ЭКБ идентификаторы
201145
Редакция идентификаторы
201145_722026
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:27

0 «Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 110/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34101 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» бірыңғай репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларында:
2-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) SYNAQ интернет-порталы – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау бойынша қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған мемлекеттік техникалық қызметтің интернет-порталы.».
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ЭҮБР жұмыс істеуін қамтамасыз етуді мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уақытша қоймада «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бастапқы кодтарының барлық нұсқалары SYNAQ интернет-порталы арқылы өтінім берген сәттен бастап ақпараттандыру объектісін «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) және «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Сынақтар жүрізу қағидалары) сәйкес жүргізілетін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар (бұдан әрі – сынақтар) жүргізудің барлық кезеңіне сақталады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы