О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 15/4-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 15/4-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Шемонаихинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15/4-VIII «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20/3-VIII
- Қабылданған күні
- 02.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2024 199673_715001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VS905916
- ЭКБ идентификаторы
- 199673
- Редакция идентификаторы
- 199673_715001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:15
0 Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 15/4-VIII «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15/4-VIII «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8994-16 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
6
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.».