О внесении изменения в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 158 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Житикаринском районе»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 259
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 158 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Житикаринском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 «Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 259
- Қабылданған күні
- 13.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2025 207324_745129.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25NJ103881
- ЭКБ идентификаторы
- 207324
- Редакция идентификаторы
- 207324_745129
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:06
0 Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 «Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жітіқара ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 1019810 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттікке байланысты) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына Қағидаларға сәйкес жүгінеді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».