О внесении изменения в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 176 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аулиекольском районе»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 276
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 176 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аулиекольском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 22.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2025 206846_742283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25NG103621
- ЭКБ идентификаторы
- 206846
- Редакция идентификаторы
- 206846_742283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:19
0 Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Әулиекөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10201-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгінеді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».