О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 176 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аулиекольском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 29 апреля 2024 года № 176 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Аулиекольском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 26.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2025 215200_777648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25NG037065
- ЭКБ идентификаторы
- 215200
- Редакция идентификаторы
- 215200_777648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:58
0 Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 176 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10201-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.».