О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 376 «Об определении областей на проведение фундаментальных научных исследований»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 376 «Об определении областей на проведение фундаментальных научных исследований»
- Атауы (қаз.)
- «Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 492
- Қабылданған күні
- 23.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2024 206828_760860.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24HN000492
- ЭКБ идентификаторы
- 206828
- Редакция идентификаторы
- 206828_760860
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:05
0 «Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1.«Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салаларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 376 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы 29 шілдедегі
№ 376 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2024 жылғы «___»__________
№____ бұйрығына
қосымша
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салалардың тізбесі
№
р/с
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған салалардың атауы
1.
Археология
2.
Астрономия
3.
Астрофизика
4.
Атом энергиясы
5.
Шығыстану
6.
Өнер
7.
Тарих
8.
Мәдениет
9.
Әдебиет
10.
Математика және механика
11.
Білім беру
12.
Саясаттану
13.
Дінтану
14.
Әлеуметтану
15.
Философия
16.
Этнология
17.
Тіл білімі
18.
Биоорганикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы
19.
Сейсмология