Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 529/НҚ «Об утверждении Правил использования сетей связи с применением негеостационарных спутников»

Бұйрық · № 354/НҚ · қабылданған 10.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2024-no-529/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 529/НҚ «Об утверждении Правил использования сетей связи с применением негеостационарных спутников» Қолданыста Бұйрық ·№ 354/НҚ ·10.07.2025
10.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 529/НҚ «Об утверждении Правил использования сетей связи с применением негеостационарных спутников»

Қолданыста Бұйрық ·№ 354/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 августа 2024 года № 529/НҚ «Об утверждении Правил использования сетей связи с применением негеостационарных спутников»
Атауы (қаз.)
«Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354/НҚ
Қабылданған күні
10.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
26.07.2025
Көрсетілген редакция
10.07.2025 212283_771205.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036427
ЭКБ идентификаторы
212283
Редакция идентификаторы
212283_771205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:23

0 «Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып,

байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы) 23-бабының 6-тармағының 5) тармақшасының төртінші бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағы пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) шеңберінде геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) пилоттық жобаға қатысушылар – байланыс қызметтерін алатын жеке тұлға, сондай-ақ пилоттық жоба шеңберінде ГЕСБЖ көмегімен байланыс қызметтерін алатын не көрсететін заңды тұлға;»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ГЕСБЖ операторы жоба әкімшісінен пилоттық жобаға тартылған не іске қосылмаған абоненттік терминалды (терминалдарды) ажырату қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен кезде дереу ажырату жөнінде шаралар қабылдайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ГЕСБЖ операторының терминалдарды өшіру бойынша шараларды қабылдамауы жобаға қатысушылармен пилоттық жобаны мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы