О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 702 «Об утверждении Правил вознаграждения лиц, сообщивших о фактах нарушения применения контрольно-кассовой машины и оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек, при подтверждении такого факта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 702 «Об утверждении Правил вознаграждения лиц, сообщивших о фактах нарушения применения контрольно-кассовой машины и оборудования (устройства), предназначенного для приема платежей с использованием платежных карточек, при подтверждении такого факта»
- Атауы (қаз.)
- «Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 716
- Қабылданған күні
- 12.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2026 I228772_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000716
- ЭКБ идентификаторы
- 228772
- Редакция идентификаторы
- I228772_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 15.08.2026 03:30
0
«Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 702 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдаланып төлем қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылық фактілері туралы хабарлаған адамдарға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру қағидаларында:
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақшаның мобильді аударымдар арқылы аударылғаны туралы банктік түбіртектерді ұсыну арқылы расталған бұзушылық фактілері туралы хабарлайды.
Бұзушылықты бейнетіркеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабында көзделген талаптарға сәйкес адамның келісімімен жүргізіледі.
Мемлекеттік кірістер органдары жолданымды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен қарайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бұзушылық фактісі анықталған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген бұзушылық жасаған тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 194, 195 және 284-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолданады.».