Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесение изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 87 «О некоторых вопросах юридических лиц со стопроцентным участием государства, за исключением Фонда национального благосостояния и единого накопительного пенсионного фонда»

Бұйрық · № 122 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-2025-no-87-ekb-228587/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесение изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 87 «О некоторых вопросах юридических лиц со стопроцентным участием государства, за исключением Фонда национального благосостояния и единого накопительного пенсионного фонда» Қолданыста 05.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесение изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 87 «О некоторых вопросах юридических лиц со стопроцентным участием государства, за исключением Фонда национального благосостояния и единого накопительного пенсионного фонда»

Қолданыста Бұйрық № 122 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесение изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 августа 2025 года № 87 «О некоторых вопросах юридических лиц со стопроцентным участием государства, за исключением Фонда национального благосостояния и единого накопительного пенсионного фонда»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
122
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
22.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 228587_833886.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039522
ЭКБ идентификаторы
228587
Редакция идентификаторы
228587_833886
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:14
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36761 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Директорлар кеңесі (байқау кеңестерінің) мүшелерінің сыйақы мөлшері сырқаттанған жағдайларды қоспағанда, директорлар кеңесі (байқау кеңесі) мүшесі қатысқан отырыстар санының көрсетілген кезеңде өткізілген отырыстардың жалпы санына қатынасы негізге алына отырып, есепті кезең ішінде олардың директорлар кеңесі (байқау кеңесі) комитетінің күндізгі және сырттай отырыстарына қатысу үлесіне барабар айқындалады.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі