Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 1999 года № 1305

Қаулы · № 150 · қабылданған 27.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-1999-no-1305/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 1999 года № 1305 Күшін жойған Қаулы ·№ 150 ·27.02.2007
24.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 1999 года № 1305

Күшін жойған Қаулы ·№ 150 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 1999 года № 1305
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
150
Қабылданған күні
27.02.2007
Көрсетілген редакция
24.12.2007 AI32090_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000150_
ЭКБ идентификаторы
32090
Редакция идентификаторы
AI32090_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:00

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. "Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 45, 405-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау ережесiнде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беретiн медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсiптiк орта бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламалары мен мамандандырылған бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын ведомстволық бағыныстағы медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган ұйымдастырады және өткiзедi.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын өз құзыретi шегiнде тиiстi атқарушы орган бекiтедi.
Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы өткiзедi, оның құрамын медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтедi.";
11-тармақтың бiрiншi абзацында "Аттестаттау" деген сөздiң алдынан "Бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзу үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды жүргiзуге арналған аттестаттау комиссияларының құрамына:
1) бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның және медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкiлдерi;
2) қарамағында медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары бар мемлекеттiк органдардың өкiлдерi;
3) медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi кiредi.";
12-тармақта:
бiрiншi абзацта "бiлiм беру ұйымдарын" деген сөздерден кейiн "(медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды аттестаттау комиссиясы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтетiн кестеге сәйкес әрбiр медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымы үшін он күннен аспайтын мерзiмде жүргiзедi.";
14-тармақта:
"бiлiм беру ұйымдары" деген сөздерден кейiн "(медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк аттестаттауға жататын медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттiк аттестаттау басталғанға дейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей құжаттарды медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға ұсынады.".

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы