О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 1999 года № 280
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 1999 года № 280
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 894
- Қабылданған күні
- 30.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2014 AI49730_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U090000894_
- ЭКБ идентификаторы
- 49730
- Редакция идентификаторы
- AI49730_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:53
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 532-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат, № 15, 149-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 37, 508-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ережесі, мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға міндетті және оған бұл міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңмен белгіленген жауапкершілік жүктеледі.».