Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнении в решение областного маслихата от 3 декабря 1999 года № II/17 "Об Областном бюджете на 2000 год"

Өзге акт · № 4/31 · қабылданған 06.06.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-1999-no-ii17-2000/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнении в решение областного маслихата от 3 декабря 1999 года № II/17 "Об Областном бюджете на 2000 год" Қолданыста 06.06.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнении в решение областного маслихата от 3 декабря 1999 года № II/17 "Об Областном бюджете на 2000 год"

Қолданыста Өзге акт № 4/31 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнении в решение областного маслихата от 3 декабря 1999 года № II/17 "Об Областном бюджете на 2000 год"
Атауы (қаз.)
Облыстық мәслихаттың "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № ІІ/17 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/31
Қабылданған күні
06.06.2000
Көрсетілген редакция
06.06.2000 6486_188339.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00M000222_
ЭКБ идентификаторы
6486
Редакция идентификаторы
6486_188339
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:26
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстық мәслихаттың "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 1999 жылғы 03 желтоқсандағы N ІІ/17 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы",
Z934100_
"Бюджет жүйесi туралы"
Z990357_
және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы 473-1 ҚРЗZ990473_
Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Облыстық мәслихаттың "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 1999 жылғы 03 желтоқсандағы N II/17 шешiмiне бұрындары енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

1. 2000 жылға арналған облыстық бюджет кiрiстерi бойынша 626658 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 6465551 мың теңге, өтеу бойынша 653098 мың теңге, шығыстар бойынша - 7466599 мың теңге, несиелендiру бойынша - 477088 мың теңге, облыстық бюджеттiң тапшылығы - 198380 мың теңге сомасында, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Облыстық бюджет тапшылығының орнын жабу 300000 мың теңге қарыз алу сомасының түсiрiлiмi, қаржылық жылдың басындағы бос қалдықты 351878 мың теңге сомасына кiрiстердi көбейту және жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу жөнiндегi негізгі борышын 453498 мың теңгенi өтеу есебiнен жүргiзiледi.

2. Облыстық бюджеттiң кiрістерi "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ мынадай салық түсiрілімдерiнiң есебiнен қалыптастырылады:

Ақтау қаласы "МАЭК" РМК салық төлеушінiң төлем көздерiнен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
мына акциздер:
- спиртке;
- араққа;
- сыраға;
- ойын бизнесiне;
Мына салық емес түсiрілімдер:
- Осы мақсатқа арнап жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алған қаражаты есебiнен аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар түсiрілімдерi;
- медициналық айықтырғышқа орналастырылған адамдардан төлем түсiрiлiмi;
- қылмыстық атқару инспекциясы қызметiнен алынған кiрiстер;
- қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер;
- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн айыппұлдар.

3. Аудандар мен қалалардың жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiстерi, осы шешiмнiң 2 тармағында көрсетiлген кiрiстерден басқасы, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын болып белгіленсiн.

4. Облыстық бюджет шығыстарының қаржылық жылдың басындағы бюджеттiк қаражаттың 351878 мың теңге сомасындағы бос қалдық сомасына көбейтiлгенi, оның облыстық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруға бағытталатындығы қаперге алынсын.

5. 2000 жылға арналған облыстық бюджетке бюджеттiк алу көлемi, 6465551 мың теңге сомасында, эксперимент ретiнде белгіленсiн, оның iшiнде:

- Қарақия ауданы - 39820 мың теңге немесе 13 пайыз;
- Түпқараған ауданы - 227656 мың теңге немесе 59,3 пайыз;
- Ақтау қаласы - 3830023 мың теңге немесе 74,6 пайыз;
- Жаңаөзен қаласы - 2368052 мың теңге немесе 81 пайыз.
Облыстық бюджетке қалалар мен аудандардың бюджеттерiнен бюджеттiк алулардың мөлшерi қалалар мен аудандар бюджеттерінің кiрiс бөлiгiнен процентпен айқындалып белгiленетiндiгі ескерiлсiн. Бюджеттiк алулардың процентi, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 Қаулысымен бекiтiлген, бюджеттiк алулардың мерзiмділігiн қамтамасыз етудiң Қағидасына сәйкес, аудандар мен қалалар бюджеттерi мен аудандар мен қалалар бюджеттерінің кiрiстер сомасы үшiн белгiленген бюджеттiк алулар көлемдерi тұрғысынан айқындалып белгiленедi.

6. 2000 жылға арналған аудандар бюджеттерiне субвенциялар көлемi 144807 мың теңге сомасында болып белгiленсiн, оның iшiнде:

- Бейнеу ауданы - 107219 мың теңге;
- Маңғыстау ауданы - 37588 мың теңге.

7. Облыс әкімінің "Қарақия ауданына субвенция бөлу туралы" 2000 жылдың 17 сәуiрiндегi N 391 шешімiмен Қарақия ауданына 10000 мың теңге субвенция бөлінгені, оның осы ауданның кірiстер көлемінде ескерілгені қаперге алынсын.

8. Жаңаөзен қаласынан басқасы, аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерi мен олардың бөлiмшелерiн ұстауға арналған жұмсалатын қаражаттың облыстық бюджетте көзделгенi ескерiлсiн.

9. "Жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм бере оқыту" жергілікті бюджеттiк бағдарлама бойынша қаражаттың мөлшерi аудандар, қалалар және облыс бойынша мынадай сомадан төмен болмауға тиiс екендiгi ескерiлсiн:

мың теңге
Бейнеу - 92243
Қарақия - 118831
Маңғыстау - 139690
Түпқараған - 53376
Ақтау қаласы - 561003
Жаңаөзен қаласы - 189150
Облыстық - 13278

10. Облыстық бюджеттен бөлiнетiн, "Селолық жердегi амбулаториялық ұйымдарға алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету" жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама бойынша қаражаттың мөлшерi 50651 мың теңгеден төмен болмауға тиiс екендiгi ескерiлсiн.

11. Облыстық бюджеттiң құрамында республиканың iшiнде емделуге жiберiлетін ауру адамдардың жол жүруiн өтеу жөнiнде 1999 жылғы кредиторлық берешектi есепке ала отырып 3000 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн.

12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi бюджеттерiнде мыналарға арналған жұмсалатын қаражат көздесiн:

- кәмелетке толмаған балалары бар тұрмысы төмен отбасыларына, тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегiн, сәби туғанға арналған, жұмыс iстеп кеткен азаматтар мен жұмыссыз адамдарға және ҰОС қатысушыларына, ҰОС мүгедектерiне және ЧАЭС мүгедектерiне тiс протезiн салу жәрдем-ақылары бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуге;
- қоғамдық жұмысты, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға ықпалды жәрдемдесудi, жұмыссыздарға облыс әкiмiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 01 қыркүйек 1999 жылғы N 208 шешiмiмен белгiленген мөлшерде, жұмыссыздарға (кедейлерге) материалдық көмектi қоса алғанда, жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыруға;
- өзге адамдардың тарапынан көмекке мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк жәрдемақының үстiне, күтуге арнап қосымша үстемеақы ретiнде жергiлiктi деңгейдегi мүгедектердi әлеуметтiк қолдауға.

13. Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тiзбе бойынша әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, олардың тұрғын үйiн ұстауға және коммуналдық қызметке ақшалай өтемақысының облыстық бюджетте және Жаңаөзен қаланың бюджетiнде көзделгені ескерілсін.

14. "Әлеуметтік-мәдени мекемелердің қызметкерлерінің еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы 484-1 Заңына сәйкес, селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өкілді органдардың шешімімен мыналар белгілене алатындығы қаперге алынсын:
Қалалық жағдайда қызметiнiң осы түрiмен шұғылданатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кесiмдi жалақы мен тарифтiк ставканы кемiнде 25 процентке арттыруды;
Отын сатып алуға арнап 1000 теңге мөлшерiнде бiржолғы ақшалай төлем жасауды.
Аудандар мен қалалардың әкiмдерi жоғарыда аталған төлемдердi 2000 жылға арналып көзделген жұмсалатын қаражат шегiнде қамтамасыз етсiн.

15. Облыс әкiмiнiң "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты iс-шараларды өткiзу туралы" 2000 жылдың 12 сәуiрiндегi N 389 шешiмiмен iшкi iстер бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне ақшалай өтемақы жөнiндегi шығыстарды азайту есебiнен Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге арнап 11600 мың теңге сомасында жұмсалатын қаражаттың бөлiнгенi ескерiлсiн. Қысқартылған шығыстар толық көлемде қалпына келтiрiлсiн.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге арналған шығыстардың облыстық бюджеттен берiлген сомадан төмен емес шекте аудандар мен қалалардың бюджеттерiнде көзделетiн болатындығы қаперге алынсын.

16. Қалалық маңызды жолдарды қайта жаңартудың Ақтау қаласының бюджетiнен қаржыландырылатындығы ескерiлсiн.

17. Бағдарлама әкiмшісi - шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi басқармасына, шағын және орта бизнестi дамытуға байланысты iс-шараларға арнап 50000 мың теңге, оның iшiнде бұрындары берiлген несиелер бойынша түсiрiлiмдер есебiнен 10000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.

18. Облыс әкiмiнiң резервтiк қоры 60000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн, соның iшiнде:

- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де ойластырылған шығыстарға - 30000 мың теңге;
- соттардың шешiмдерi бойынша облыстық органдардың мiндеттемелерiн өтеуге 10000 мың теңге;
- өзге де ойластырылмаған шығыстарға 20000 мың теңге.

19. Бағдарлама әкiмшiсi - облыс әкiмiнің аппаратына инвестициялық бағдарламаларды iске асыруға арнап бұрындары берілген несиелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеуге арнап 520208 мың теңге жұмсалатын қаражат көзделсiн, соның iшiнде:

- жергілікті атқарушы органның негізгі борышын өтеу - 453498 мың теңге;
- борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстар - 66710 мың теңге.

20. 2000 жылдың 31 желтоқсанына жергілікті атқарушы органы борышының шегі 362000 мың теңге мөлшерінде белгiленсiн.

21. Бағдарлама әкiмшісі - облыс әкiмiнiнiң аппаратына жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қарыз алу шегі - 300000 мың теңге сомасында белгiленсiн.

Облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О. Рахметов және облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы (Қ.Т. Елеусiнов) 2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың тартатын қарыз қаражаты есебiнен несиелендiрiлетiн және қаржыландырылатын, аймақтық инвестициялық бағдарламалардың тiзбесiн әзiрлеп жасасын және белгiленген тәртiппен облыс әкiмiнiң қарауына енгiзсiн.

22. Бағдарлама әкiмшісi - облыс әкiмiнiң аппараты 1999 жылы игерiлмеген және облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 302 шешiмiне сәйкес, бұрындары инвестициялық жобаларды iске асыруға бөлiнiп, ағымдағы жылы қайтарылып алынған қаражат бойынша 127088 мың теңге сомасында екiншi қайтара қаржыландыруға арнап жұмсалатын қаражат көздесiн.

23. Облыстың жергіліктi бюджеттерiнде, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жергілiктi бюджетке төлемдерi бойынша берешектерiн өтеу жолымен, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен орындайтын, ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша осының алдындағы жылдары жинақтала пайда болған кредиторлық берешектi өтеу 915000 мың теңге мөлшерiнде көзделсiн, оның iшiнде аудандар, қалалар және облыс бюджеттерi бойынша:
мың теңге
Бейнеу ауданы - 3000
Қарақия ауданы - 25000
Маңғыстау ауданы - 19000
Түпқараған ауданы - 12000
Ақтау қаласы - 515000
Жаңаөзен қаласы - 114000
Облыстық - 227000
Көрсетiлген берешектердi өтеу жөнiндегi есептесудi өткiзудiң тәртiбiн, сондай-ақ аталған есептесуге қатысатын субъектiлердi облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген, 2000 жылға арналған Маңғыстау облысының жергiлiктi бюджетiнен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеудiң Ережесiмен айқындалатын болып белгiленсiн.

24. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, бағдарламалардың әкiмшілерi - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары өзара есептесудi жүргiзуге көзделген, 58 "жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешегі" бағдарламасы мен 59 "жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша жергiлiктi бюджеттің кредиторлық берешегі" бағдарламасы бойынша қосымша бөлiнген шектен басқа, 2000 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осының алдындағы жылдар iшiнде жинақтала пайда болған кредиторлық берешектi өтеудi қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныбының 27 "жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу" бағдарламасы мен 28 "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгіленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешегін өтеу" бағдарламасы бойынша жұмсалатын қаражат көздесiн.
Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, бағдарламалардың әкiмшiлерi - мемлекеттiк мекемелердiң басшыларына, өзiне қаржылық жылға арналып белгiленген, бюджеттiк мақсаттарға тағайындалған сомадан артық қаржылық мiндеттемелердi алмау мiндеттелсiн.

25. 2000 жылға арналған облыстық бюджеттi атқару үрдiсiнде мына облыстық бюджеттiк бағдарлама секвестрлеуге жатпайтын болып белгiленсiн:

- жергілiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге байланысты.

26 Облыстық мәслихаттың

7.06.2000 жылғы IV/31 шешіміне
қосымша
мың теңге
---------------------------------------------------------------------------
Сан. Сын. Ша. Ерек.                                                 сомасы
сын
---------------------------------------------------------------------------
І. Кірістер                        626658
1                           Салықтық түсiрiлiмдер                  415238
1              Кiрiстерге салынатын табыс салығы              185000
2         Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы         185000
1    Төлем көздерiнен ұсталатын, жеке
тұлғалардан алынатын табыс салығы              185000
5              Тауарға, атқарылатын жұмысқа және
көрсетiлетiн қызметке салынатын iшкi салықтар    3238
2         Акциздер                                         3238
1    Спирт                                              50
2    Арақ                                             1570
7    Сыра                                             1483
23   Ойын бизнесi                                      135
7              Басқа да салықтар                              227000
1         Басқа да салықтар                              227000
2    Жергiлiктi бюджетке берешектердiң түсiрiлiмi   227000
2                            Салық емес түсірілімдер               211420
1              Кәсiпкерлiк қызметтен және меншiктен тапқан
табыстар                                        59300
2         Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен
салықтық түсірілімдер                           59300
9    Осы мақсатқа арнап жергiлiктi атқарушы          59300
органдардың қарыз алған қаражаты есебiнен
аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге
асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн
несиелер бойынша сыйақылар түсiрiлiмдерi
2              Әкiмшілiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық   131820
емес және орайластырылған сатудан тапқан
табыстар
1         Әкiмшiлiк алымдар                              131820
9    Қылмыстық атқару инспекциясының қызметiнен        400
алынған кiрiстер
12   Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер        131420
3              Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiрiлiмдер  20300
1         Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiрiлiмдер  20300
2    Медайықтырғышқа орналастырылған адамдардан       5800
төлем түсiрiлiмдерi
10   Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны  14500
үшiн айыппұлдар
II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР           6465551
4                   Алынған ресми трансферттер                    6465551
1              Төмен тұрған мем.басқару органдарынан         6465551
трансферттер
3         Аудандық (қалалық) бюджеттерден трансферттер  6465551
3    Аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттiк     6465551
алу, соның iшiнде Қарақия ауданының
бюджетiнен бюджеттiк алу                        39820
Түпқараған ауданының бюджетiнен бюджеттiк алу  227656
Ақтау қаласының бюджетiнен бюджеттiк алу      3830023
Жаңаөзен қаласының бюджетiнен бюджеттiк алу   2368052
ІІІ. ӨТЕУ                     653098
5                   Бюджеттен берілген несиелердi өтеу             653098
1              Бұрындары берiлген несиелердi өтеу             653098
2         Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге    94211
асыратын, банктер мен ұйымдарды шығарып
тастағанда, ұйымдардың өтеуi.
2    Директивтiк кредиттер бойынша мерзiмi           94211
өткізілген берешектi қайтарып алу
4         Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге   548887
асыратын, банктер мен ұйымдардың өтеуi
1    Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге   548887
асыратын, банктер мен ұйымдардың өтеуi
5         Бюджеттен берiлген басқа да несиелердi өтеу     10000
9    Бюджеттен берiлген басқа да несиелердi өтеу     10000
---------------------------------------------------------------------------
ФГР Әкім. Бағ. Кіші                  Атауы                         сомасы
---------------------------------------------------------------------------
IV. Шығыстар                      7466599
1                   Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетiлетiн       119329
қызмет
103             Облыстық мәслихат                                7176
2         Жергіліктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар         7123
3    Жергiлiктi органдардың аппараты                  7123
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша            35
кредиторлық берешектi өтеу
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиторлық берешегiн өтеу                         18
105             Әкiм аппараты                                   70886
2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        70886
3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 70886
259             Коммуналдық меншiктi басқару Департаментi       15059
2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        10759
3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 10759
30        Коммуналдық меншiктi жекешелендiруді
ұйымдастыру                                      4300
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттiк берешегiн өтеу
260             Облыстық қаржы басқармасы                       26208
2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        26208
3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 26208
28        Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу
2                   Қорғаныс                                       103575
105             Облыстық әскери комиссариат                     14326
63        Әскери қызметке тiркеу және шақыру жөнiндегi
iс-шаралар                                      14326
105             Әкiмдер аппараты                                89249
31        Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма    6572
32        Жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдайларды жою   82677
30   Облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы          75742
31   Суда құтқару қызметi                             6935
3                   Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік               345122
251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы      334342
2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар       254273
3    Жергiлiкті органдардың аппараты                254273
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                      29128
ОИИР                                              687
IIБ                                             27571
IIБ училищесi                                     336
Дәрiгер қызметi                                   534
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу
IIБ                                             31546
IIБ училищесi                                     260
Дәрiгер қызметi                                   498
30        Жергiлiктi деңгейдегi қоғамдық тәртiптi
күзету және қоғамдық қауiпсiздiк қамтамасыз ету 18637
30   Медайықтырғыштар және милиция жұмысын
ұйымдастыратын милицияның бөлiмшелерi            3860
31   Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,
бейiмдеу және оңалту Орталығы                    3100
32   Белгiлi бiр тұратын жерi мен құжаты жоқ
адамдарға арналған қабылдау-тарату орны          3510
33   Әкiмшiлiк тәртiппен қамауға алынған адамдарға
арналған арнайы қабылдау орны                    1900
34   Еңбекпен түзеу инспекциясының облыстық бөлiмi    6267
274             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы        8573
44        Елдi мекендердегi жол қазғалысын реттеу
жөнiндегi жабдықтар мен құралдарды пайдалану     8573
105             Нотариалдық кеңсе                                2207
66        Нотариалдық iс-әрекет жасауды ұйымдастыру        2207
30   Нотариалдық кеңсе                                2207
4                   Бiлiм                                          158673
263             Облыстық бiлiм басқармасы                      142029
20        Жергілікті деңгейде жалпы бiлiм беруге оқыту    16111
35   Дарынды балаларға арналған мектептер мен
мектеп-интернаттар                              16111
32        Жергiлiктi деңгейдегi орта бiлiм жүйесiнiң
ақпараты                                         6699
31        Жергіліктi деңгейдегi кәсiптiк-техникалық білім 44906
30   Кәсiптік-техникалық мектептер                   42352
31   Арнайы кәсiптiк-техникалық мектептер             2554
8         Жергiлiктi деңгейдегi орта арнайы оқу
орындарында кадрлар даярлау                     74313
251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы       10870
11        Жергiлiктi деңгейдегi кадрларды қайта даярлау   10870
30   IIБ училищесi                                   10870
263             Облыстық бiлiм басқармасы                        5474
11        Жергiлiктi деңгейдегi кадрларды қайта даярлау    5014
6    Мемлекеттік мекемелердiң кадрларын қайта даярлау 5014
38        Балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық
денсаулығын тексерiп байқау жөнiнде халыққа
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер
беру көмегiн көрсету                              760
30   Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес
беру                                              760
5                   Денсаулық сақтау                              1251564
254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           473726
36        Жергілікті деңгейде халыққа тұрақты
медициналық көмек көрсету                      319680
31        ВИЧ-ауруын жұқтырған адамдарға медициналық
көмек көрсету                                   16118
33        Жергiлiктi деңгейде эпидемияға қарсы күрес       5000
34        Жергiлiктi деңгейде қан (ауыстырғыш) өндiру     11062
41        Жергiлiктi деңгейде салауатты өмiр салтын
насихаттау                                       2900
45        Ана мен баланы қорғау                          118966
31  Балаларға тұрақты көмек көрсету                 30550
32  Екiқабат, босанатын және босанған әйелдерге
тұрақты көмек көрсету                           88416
254             Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы  49419
39        Санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды
қамтамасыз ету                                  49419
30  Санитарлық-әпидемиологиялық станциясы           49419
254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           448685
30        Психикалық мазасызданумен зардап шегетiн
ауруларға тұрақты медициналық көмек көрсету     47690
32        Туберкулезбен ауыратындарға тұрақты
медициналық көмек көрсету                       64970
47        Онкологиялық сырқатпен ауыратындарға тұрақты
медициналық көмек көрсету                       11082
48        Алкоголмен, наркоманиямен және токсикоманиямен
ауыратындарға тұрақты                            8278
медициналық көмек көрсету
49        Терi-венерологиялық сырқатымен ауыратындарға
тұрақты медициналық көмек көрсету                9883
50        Жұқпалы аурулармен ауыратындарға тұрақты
медициналық көмек көрсету                       40620
35        Селолық жердегi амбулаториялық ұйымдарда
халыққа алғашқы                                 55651
медициналық-санитарлық көмек көрсету
46        Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда халыққа
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету   210511
251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы       10741
31        IIБ медқызметi                                  10741
254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           268993
37        Жедел медициналық жәрдем көрсету                24261
43        Төтенше жағдайларға халыққа медициналық көмек
көрсету                                         10885
30  Шұғыл медициналық көмек Орталығы                 6000
31  Облыстық медициналық жабдықтау базасы            4885
2         Жергіліктi деңгейдегi әкiмшілік шығыстар         5457
3   Жергіліктi органдардың аппараты                  5457
27        Жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                      68633
Санитарлық-эпидемиологиялық стансалар            3142
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы            65491
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу                       120636
Санитарлық-эпидемиологиялық стансалар             600
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           120036
38        Облыстағы халықтың денсаулығын қорғау
жөнiндегi басқа да көрсетiлетiн  қызметтер      20000
31  Аурулар түрi бойынша азаматтардың жекелеген
санаттарын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету        15000
32  Азаматтардың жекелеген категорияларын            5000
мамандандырылған балалар тағамдары өнiмдерiмен
қамтамасыз ету
42        Жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау           6921
ұйымдарының есепке алу көрсетілетін
қызметiмен қамтамасыз ету
93  Орталықтандырылған бухгалтерия                   6921
44        Дәрi-дәрмектiк құралдары мен медициналық        12200
жабдықтарды орталықтандыра сатып алу
6                   Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек 43304
105             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы             3000
60        Жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмi бойынша    3000
азаматтардың жекелеген категорияларына
әлеуметтiк төлемдер
258             Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және     40304
әлеуметтік қорғау
38        ҰОС-дағы Жеңістiң 55 жылдығын мерекелеудi       10252
өткiзу
2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        25870
3   Жергiлiктi органдардың аппараты                 25870
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша           183
кредиторлық берешекті өтеу
28        Жергiліктi бюджеттен қаржыландырылатын,          1000
мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу
33        Жергiлiктi деңгейдегi медициналық әлеуметтiк     2999
сараптау
30  Облыстық, қалалық және аудандық медициналық      2999
әлеуметтiк сараптау комиссиясы
8                   Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiгі      101172
263             Облыстық бiлiм басқармасы                        7252
35        Жергiлiктi деңгейде балалармен мәдениет және
спорт iс-шараларын өткiзу                        7252
30  Жергiлікті деңгейде балалармен мәдениет
iс-шараларын өткiзу                              7252
263             Облыстық мәдениет басқармасы                    42107
41        Жергiлiктi деңгейде халықтық мәдени бос
уақытын қамтамасыз ету                          25318
43        Жергiлiктi деңгейде көрiнiстi iс-шараларын
өткiзу                                           6000
44        Жергiлікті деңгейде тарихи-мәдени
құндылықтарды сақтау                            10789
263             Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы    19115
39        Жергілiктi деңгейде спорт iс-шараларын өткiзу   19115
105             Әкiм аппараты                                   16576
46        Жергiлiкті деңгейде газеттер мен журналдар
арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзу     12920
"Маңғыстау" газетiнiң редакциясы                 6770
"Местное время" газетiнiң редакциясы             6150
47        Жергiлiктi деңгейде телерадио хабарларын
тарату арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын
жүргiзу                                          3656
261             Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты         6030
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                        487
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу                          193
30        Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуы
мен олардың жергiлiктi деңгейде арнайы
пайдаланылуын қамтамасыз ету                     5350
30  Мұрағаттар                                       5350
263             Облыстық мәдениет басқармасы                    10092
45        Жергiліктi деңгейде ақпараттың жалпыға
бiрдей қол жетiлiмдiлігін қамтамасыз ету        10092
30  Кiтапханалар                                    10092
10                  Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және
қоршаған ортаны қорғау                          77952
105             Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры            69429
34        Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды
ұйымдастыру                                     69429
30  Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры   3986
31  Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу                    65443
257             Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы             8523
2         Жергiлiктi деңгейде әкiмшілік шығыстар           8254
3   Жергiлiкті органдардың аппараты                  8254
27        Жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                        269
11                  Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және жер қойнауын
пайдалану                                        1000
273             Облыстық тұрғын-үй құрылысы, сәулет және
аумақтарда құрылыс салу басқармасы               1000
48        Жергiлiктi деңгейде жобалау-iздестiру,
конструкторлық және технологиялық жұмыстар       1000
12                  Көлiк және байланыс                             55497
274             Әкiм аппараты                                   55497
49        Жергiлiктi деңгейде автомобиль жолдары
құрылысын салу                                  55497
30  Жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын
қайта жаңарту                                   55497
13                  Басқалары                                      735768
105             Әкiм аппараты                                  635490
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу, оның iшiнде        133532
Судағы қорғау қызметi                             923
Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма      66
Әкiм аппараты                                    2158
Нотариалдық кеңсе                                 109
Мемлекеттік өртке қарсы қызметінiң облыстық
басқармасы                                       8466
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,        214958
мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу, оның iшiнде
Судағы қорғау қызметi                             131
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметінің облыстық
басқармасы                                       6509
Әкiм аппараты                                    2327
Нотариалдық кеңсе                                 286
"Маңғыстау" газетiнiң редакциясы                 1500
"Местное время" газетiнiң редакциясы             1554
52        Жергiлiктi атқарушы органдардың резервi         60000
58        Жергiліктi бюджеттен қаржыландырылатын,        227000
мемлекеттік мекемелердiң белгіленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу
263             Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын, бiлiм,
мәдениет, спорт және туризм атқарушы органы     56817
2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        28655
30  Облыстық бiлiм басқармасы                       19304
31  Облыстық мәдениет басқармасы                     3788
32  Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы     5563
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                      16280
Облыстық бiлiм басқармасы                       13252
Облыстық мәдениет басқармасы                     3018
Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы       10
28        Жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртіппен
тіркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу                         9085
Облыстық бiлім басқармасы                        6097
Облыстық мәдениет басқармасы                     2710
Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы      278
34        Есепке алу көрсетiлетiн қызметiмен қамтамасыз
ету                                               797
31  Мәдениет ұйымдарының орталықтандырылған
бухгалтериясы                                     797
272             Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
экономика, шағын және орта бизнестi қолдау
атқарушы органдары                              23999
2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        22601
30  Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда
басқармасы                                      16313
31  Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы   6288
Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                        986
Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда
басқармасы                                        986
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу                          412
Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда
басқармасы                                        396
Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы     16
273             Облыстық тұрғын үй құрылысы, сәулет және
аумақтарда құрылыс салу басқармасы               4959
2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшілік шығыстар         4919
3   Жергiлiктi органдардың аппараты                  4919
27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша
кредиторлық берешектi өтеу                        110
28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен
тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттiк берешегiн өтеу                          230
274             Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тұрғын
үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы
органдары                                       16503
28        Жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын,
мемлекеттік мекемелердің белгiленген тәртiппен
тіркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша
кредиттік берешегiн өтеу                        16503
14                  Борышқа қызмет көрсету                          66710
105             Әкiм аппараты                                   66710
53        Жергiлікті атқарушы органдардың борышына
қызмет көрсету                                  66710
11  Сыйақылар төлеу                                 66710
15                  Ресми трансферттер                            4406933
105             Облыстық қаржы басқармасы                      144807
54        Жергiліктi бюджеттен трансферттер              144807
94  Субвенциялар, оның iшiнде                      144807
Бейнеу ауданының әкiмi                         107219
Маңғыстау ауданының әкiмi                       37588
123             Маңғыстау облысының әкiмi                     4262126
26        Республикалық бюджетке бюджеттiк алулар       4262126
V. НЕСИЕЛЕНДIРУ                  477088
13                  Басқалары                                      477088
272             Облыстық шағын кәсiпкерліктi қолдау басқармасы  50000
80        Жергiлiкті деңгейде шағын кәсiпкерлiктi
дамыту үшiн несиелендiру                        50000
105             Әкiм аппараты                                  427088
83        Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды
несиелендiру                                   427088
VI. ТАПШЫЛЫҚ                                 - 198380
VII. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ                              198380
Түсірілім                                      300000
Өтеу                                         - 453498
Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
351878
Оқығандар:
Икебаева А.Ж.
Багарова Ж.А.