Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года N 1176

Қаулы · № 890 · қабылданған 23.08.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2000-n-1176-ekb-21021/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года N 1176 Күшін жойған Қаулы ·№ 890 ·23.08.2004
31.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года N 1176

Күшін жойған Қаулы ·№ 890 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года N 1176
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
890
Қабылданған күні
23.08.2004
Көрсетілген редакция
31.12.2020 21021_506177.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000890_
ЭКБ идентификаторы
21021
Редакция идентификаторы
21021_506177
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:45

0 Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын заңсыз араласу әрекетінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1

1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
3-тармақтың бiрiншi абзацы "10-1" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын;
22-тармақтың бiрінші абзацы "10" деген сандардан кейiн "10-2" деген сандармен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

0 Қазақстан Республикасының әуежайлары авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 24 тамыздағы
N 890 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесiне
10-2-қосымша
Қазақстан Республикасының әуежайлары авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

1 1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметi

қызметкерлерiн қаруландыру нормасы:
__________________________________________________________________
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік | Қару түрі
қызметінің қызметкерлері |----------------------
| Пистолет|Ұзын ұңғылы
|(тапанша)|тегiс ұңғылы
| | мылтық
__________________________________________________________________
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бастығы
(оның орынбасары) 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауіпсіздік бөлiмшесiнiң бастығы 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауiпсiздiк бөлiмшесі ауысымының
бастығы (оның орынбасарлары) 1 -
Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң
қауіпсіздік бөлiмшесiнiң аға инспекторы 1 -
Бақылау-өткiзу пунктіндегі
авиациялық қауiпсiздiк қызметi
қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң инспекторы постқа -
(кiшi инспекторы) 1
Авиациялық қауiпсiздiк қызметінің - постқа 1
қауiпсiздiк бөлiмшесi ауысымының (патруль)
инспекторы (кiшi инспекторы)
Авиациялық қауiпсiздiк қызметi
қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң инспекторы
(кiшi инспекторы) - қызметтiк иттер
жетекшiсi, патрульдiк-iз кесушi
иттiң бастаушысы. 1
__________________________________________________________________

2 2. Қару-жарақтар нормасы мынадай есептен белгiленедi:

__________________________________________________________________
N | Қару атауы | патрондар саны (дана)
p/c| |-----------------------------------------
| | Ауысымға |Қару бiр. |Бiр жылғы шығын
| |қаруланған| лiгiне |-------------------
| | қызметкер|азайтыл. |бiр қыз.|бiрлiк
| | (пост, |майтын қор|меткерге|қаруға
| | патруль)| |практи. |келетiн
| | | |калық |атысты
| | | |атуларға|тексеруге
__________________________________________________________________
1. ұзын ұңғылы тегiс
ұңғылы мылтық 15 патрон 60 10 8
2. Пистолет 16 патрон 32 12 8
(2 магазинде)
3. Тапанша 14 патрон 28 12 8
(қораптарда)
__________________________________________________________________
Ескертпе:

1 1. Қарудың атысын тексеруге арналған патрондарды басқа мақсаттарда шығындауға тыйым салынады.

2 2. Қарудың атысын тексеру қажеттілiгiн әуежай басшысының орынбасары немесе әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы жылына екi рет белгiлейдi.

3 3. Тегiс ұңғылы мылтыққа арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады.

4 4. Қарудың жалпы саны әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнің қауiпсiздiк бөлiмшесi ауысымы қызметкерлерінің бекiтiлген штат кестесi бойынша жалпы санынан аспауы керек, бұл ретте 10 бiрлiкке бір резервтегi қару ұстауға болады.

5 5. Әуежайда ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету үшiн қосымша екi тегiс ұңғылы қару ұстауға рұқсат етіледі.

Қолданыстағы