Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"

Қаулы · № 1301 · қабылданған 07.11.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2000-no-1176-ekb-61343/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" Күшін жойған Қаулы ·№ 1301 ·07.11.2011
31.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1301 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"
Атауы (қаз.)
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1301
Қабылданған күні
07.11.2011
Көрсетілген редакция
31.12.2020 61343_506195.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1100001301
ЭКБ идентификаторы
61343
Редакция идентификаторы
61343_506195
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:16

0 "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңды тұлға қаруды сатып алған күннен бастап 7 күннің ішінде осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес оны сақтауға ішкі істер органынан рұқсат алады»;
22-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметтік қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты ішкі істер органдары осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес «Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолданылады» деген мөртабан қоя отырып, бес жыл мерзімге береді.»;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсатты ішкі істер органы 15 күн мерзімге береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алу үшін рұқсат алғаннан кейін азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.»;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«87. Сатып алынған азаматтық қару сатып алған күнінен бастап жеті күн мерзімде оны сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге ішкі істер органдары бес жыл мерзімге беретін рұқсатты ала отырып, иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес ішкі істер органында тіркеледі.»;
20-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі
124. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес ішкі істер органы берген рұқсаттар бойынша ашады.
125. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қарамағында атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділері бар ұйым басшысының қолы қойылған ашуға рұқсат беру туралы қолдаухат;
2) мыналарды: толық сауалнамалық деректерді (кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты); денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды ұстауға қарсы көрсетілімдер жоқтығы туралы медициналық қорытындыларды; соттылығының жоқтығы және қаруды қауіпсіз ұстаудың ережелерін білетіндігін тексеру туралы анықтамаларды қоса бере отырып, атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің жұмыс істеуі үшін жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдар (әкімші, нұсқаушы) туралы мәліметтер;
3) заңды тұлға үшін - жарғының және ұйымының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;
4) жеке тұлға үшін — Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
5) жеке кәсіпкер үшін - жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;
6) заңды тұлғаның салық органында есепке қойылғаны туралы куәліктің көшірмесі;
7) мыналардың схемасын қоса отырып, меншік нысаны көрсетілген өндірістік-техникалық база жоспарының көшірмесі:
ашық атыс тирлері (атыс орындары) үшін аумақтар;
мамандандырылған ғимараттардың орналасуы (атыс тирлері, (атыс орындары), стенділер үшін);
қысқаша, оның ішінде техникалық нығайтылуы, күзет және өрт сигнализациясының бар-жоғы, өткізу режимі, қару мен оның патрондарын сақтау шарттары туралы түсіндірме жазбасымен үй-жайдың орналастырылуы.
Заңды тұлғалар үшін - құжаттардың көшірмелері ұйымының мөрімен және ұйымының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен расталады.
Жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін құжат көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
126. Рұқсатты ішкі істер органдарының қызметкері:
1) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болмаған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік он бес күн;
2) қарау үшін өзге де субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не орынға шыға отырып тексеру қажет болған жағдайда заңды тұлға өтініш білдірген кезде - күнтізбелік отыз күн ішінде береді (бас тартады).
127. Рұқсат беруден:
1) егер осы Ереженің 125-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаса;
2) сақтау орындары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады.
128. Егер осы Ереженің талаптарына сәйкес өтініш иесі дұрыс емес ақпаратты ұсынған жағдайда, берілген рұқсат заңнамада белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.
129. Атыс тирінің (атыс орнының) және стендінің мекенжайы, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде ұйым басшы атыс тирін (атыс орнын) және стендіні ашуға рұқсат берген ішкі істер органына бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
130. Жеке және заңды тұлғалар атыс тирлері мен стенділерін, айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары сақталған жағдайда ішкі істер органдарының рұқсаттары бойынша ашады:
1) шағын калибрлі қарудан атуға арналған ашық тирлерді елді мекендерге 2 шақырымнан жақын қашықтықта, ал ірі калибрлі қарудан атуға арналған тирлерді 6 шақырымнан жақын қашықтықта жабдықтауға тыйым салынады.
Жартылай ашық тирлерді қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде орналастыруға тыйым салынады;
2) атыс аймағының сыртқы қоршаулары мен оқтарды ұстап қалу құрылғыларының сипатына қарай нысана ату спортына арналған құрылыстардың бірнеше үлгілері белгіленген: ашық тирлер (атыс орындары) оқ қабылдағыштары және бүйірінде топырақ үйінділері мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасады, бірнеше ашық тирлер тұратын атыс алаңдары-кешендері; көлденең және бүйірінен ұстап қалатын қалқандар көзделмеген оқ өтпейтін қабырғалары мен төбесі бар жабылған (жабық) тирлер; оқ өтпейтін қабырғалары, төбесінде көлденең ұстап қалатын қалқаны бар жартылай ашық тирлер.
131. Тир (атыс орындары) мен стендінің пайдаланылу жарамдылығы ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілдері жасаған актілерде айқындалады.
132. Атыс қаруы мен оның патрондарын Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, аудандарға бөлінетін ірі өнеркәсіпті қалаларда орналасқан спорт қоғамдарының қарамағындағы спорттық-атыс клубтарындағы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тирлердегі ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылған жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған күзет пультіне тартылған немесе орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған бірнеше шепті күзету белгі беру құралдары бар, жұмыс уақытында белгі беру құралдары ажыратылған кезде қарулы күзет қойылатын және әкімшілік қатаң өткізу режимі жүзеге асырылатын, осы Ереженің 7, 8 және 9-тармақтарының талаптарына сай келетін арнайы жабдықталған қоймаларында сақтауға жол беріледі. Тир үй-жайының күзеті ондағы қарудың сақталуын қамтамасыз ету, атыс қаруын иелену мақсатындағы шабуылға тойтарыс беру үшін қойылады және қызметтік қарумен (тапаншалармен немесе револьверлермен) қаруланады.
133. Өткізу және объект ішіндегі режим жөніндегі нұсқаулықты тир әкімшілігі күзетілетін объект ерекшеліктерін ескере отырып әзірлейді, ол аумақтық ішкі істер органымен келісіледі және жоғары тұрған ұйымның басшысы бекітеді. Тирге өткізу режимі кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды алып кірудің, алып шығудың, (әкетудің) қатаң тәртібін орнатуды көздеуі керек. Объект ішіндегі режим тир жұмысының ішкі тәртібін сақтауды (қызметкерлердің жұмыс уақытының режимін, қаруды, патрондарды беру мен тапсырудың тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізуді) қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтиды. Өткізу және объект ішіндегі режимді қамтамасыз ету мақсатында атыс тиріне (атыс галереясына) кіру есіктері берік ілмекпен, электр қоңыраумен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды тирге өткізу кілттер мен құжаттарды сақтауға арналған қажетті жәшіктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерінің үлгілері бар стендтермен жабдықталатын бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.
134. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесі бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерінен, жаттықтырушылардың кабинеттері мен шаруашылық үй-жайлардан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандар үнемі құлыппен жабылуға тиіс торлы есіктермен жабдықталады және сүргіленеді немесе пломба салынады. Қалқандар диаметрі кемінде 15 мм болатын болат шыбықтардан жасалады. Торлы қалқандардың шыбықтары көлемі 150x150 мм-ден аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді. Top шыбықтарының ұштары қабырғаға, төбеге, еденге кемінде 80 мм тереңдікке бекітіліп, бетонмен құйылады.
135. Атыс арасындағы үзіліс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебінде қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
136. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендті ашуға рұқсатты ішкі істер органдары тек қана олардың басшыларының атына бес жыл мерзімге береді.
137. 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 мм-ге дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлер ішкі істер органдарының рұқсатынсыз жұмыс істейді.»;
осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Ережеге 11, 12, 13, 14-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 11-қосымша
№____ РҰҚСАТ ТҮБІР­ШЕ­ГІ
20____­жы­л­ғы «___»_____________
_________________________________
(кәсі­по­рын ба­стығының неме­се же­ке тұлғаның те­гі, аты-жөні
________________________________
ме­кен­жайы, қыз­мет­тік неме­се үйі­нің те­ле­фо­ны)
же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне_______________
(жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жөні.
_______________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны, жа­у­ап­ты адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұйрықтың № және күні)
________________________________
ашу, жұ­мыс, іс­теу, сақ­тау құқы­ғы­на (ке­рек­сі­зі сызы­лып та­стал­сын)
________________________________
(объ­ек­ті­нің неме­се қару­дың, аңшы­лық-
________________________________
оқ дәрі­нің, па­трон­дар­дың ата­уы, оның са­ны, сақтауға рұқсат бе­рі­л­ген сал­мағы көр­се­ті­ле­ді)
_________________________­бе­ріл­ді
20__­жы­л­ғы «___»_____­дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ_________________________
(қолы)
Рұқ­сат мер­зі­мі 20___­жы­л­ғы «____»_________­дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ_________________________
(қолы)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ___________________________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
№ ____ РҰҚ­САТ
___________________________________________
(кә­сі­по­рын ба­стығ­ы­ның неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты-жө­ні
___________________________________________
ме­кен­жайы, қыз­мет­тік неме­се үй­і­нің те­ле­фо­ны)
же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне____________________
(жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты-жө­ні.
___________________________________________
қыз­мет­тік те­ле­фо­ны, жа­у­ап­ты адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың № және кү­ні)
___________________________________________
ашу, жұ­мыс, іс­теу, сақ­тау құқы­ғы­на (ке­рек­сі­зі сызы­лып та­стал­сын)
___________________________________________
(объ­ек­ті­нің неме­се қа­ру­дың, аң­шы­лық -
___________________________________________
оқ дә­рі­нің, па­трон­дар­дың ата­уы, оның са­ны, сақ­та­у­ға рұқ­сат бе­рі­л­ген сал­ма­ғы көр­се­ті­ле­ді)
__________________________ бе­ріл­ді 20__­жы­л­ғы «___»_____­дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ_________________________________
(қо­лы) Рұқ­сат мер­зі­мі 20___­жы­л­ғы «____»_________­дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ_________________________________
(қо­лы)

4 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 12-қосымша
ал­дың­ғы бе­ті
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі
іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
__________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
№ ____ Рұқ­сат
3х4
фо­то­су­рет ор­ны
_____________________­бе­ріл­ді
(Т.А.Ә.)
___________________________
____________________ тұ­ра­ды
(үй­і­нің ме­кен­жайы)
__________________________
___________________________
______________ жұ­мыс іс­тей­ді
(кә­сі­по­рын ата­уы)
М.О.
______________________ла­у­а­зы­мын­да
Сақ­тау, сақ­тау және алып жү­ру құқы­ғы­на (ке­рек­сі­зі сызы­лып та­стал­сын)
_____________________________
(қа­ру­дың әр­бір бір­лі­гі­нің мар­ка­сы, ка­либ­рі, нө­мі­рі)
_____________________________
Рұқ­сат 20_­жы­л­ғы «_» __­дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ_______________________
_____________________________
(қо­лы, те­гі, аты-жө­ні)
М.О.
Бе­рі­л­ген кү­ні 20_­жы­л­ғы «__» _____
Өл­ше­мі 9,5 х 6,5 сан­ти­метр
Сырт­қы бе­ті
Рұқ­сат мер­зі­мі 20_­жы­л­ғы «___» _____ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ______________________
(қо­лы)
Рұқ­сат мер­зі­мі 20_­жы­л­ғы «___» _____ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ______________________
(қо­лы)
Рұқ­сат мер­зі­мі 20_­жы­л­ғы «___»
_______________ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ_______________________
(қо­лы)
Рұқ­сат мер­зі­мі 20_­жы­л­ғы «___»
_____________ дей­ін ұзар­тыл­ды.
Ба­сты­қ_______________________
(қо­лы)
Өл­ше­мі 9,5 х 6,5 сан­ти­метр

5 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 13-қосымша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі _______________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы) № РҰҚ­САТ ТҮ­БІР­ШЕ­ГІ __________________________ бе­ріл­ді
(ме­ке­ме, кә­сі­по­рын ата­уы) ________________________ ор­на­лас­қан
(ме­кен­жайы) Мы­на­дай жүк­ті____________________
(жүк­тің ата­уы және заттар­дың са­ны)
_________________________________
(сан­мен және жа­з­ба­ша көр­се­ті­ле­ді)
Та­сы­мал­да­у­ға______________________
(кө­лік тү­рі)
______________________________ ден
_____________________________ дей­ін
Та­сы­мал­да­у­ға____________________
_____________­жа­у­ап­ты бо­лып та­бы­ла­ды
(Т.А.Ә.
___________________________________
же­ке ку­ә­лі­гі­нің неме­се пас­пор­ты­ның се­ри­я­сы, нө­мі­рі)
Жол жүр­ген­де жүк­ті кү­зе­те­тін адам­дар:
1._________________________________
2.________________________________
3.________________________________
20___­жы­л­ғы «___»_____­дей­ін жа­рам­ды. Ба­сты­қ____________________________
(қо­лы)
М.О. 20__­жы­л­ғы «___»____________
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі _________________________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы) № РҰҚ­САТ _____________________________ бе­ріл­ді
(ме­ке­ме, кә­сі­по­рын ата­уы)
____________________________ор­на­лас­қан
(ме­кен­жайы)
Мы­на­дай жүк­ті_______________________
(жүк­тің ата­уы және заттар­дың са­ны)
_____________________________________
(сан­мен және жа­з­ба­ша көр­се­ті­ле­ді)
Та­сы­мал­да­у­ға________________________
(кө­лік тү­рі)
________________________________ ден
_______________________________ дей­ін
Та­сы­мал­да­у­ға _______________________
______________­жа­у­ап­ты бо­лып та­бы­ла­ды
(Т.А.Ә.
_____________________________________
же­ке ку­ә­лі­гі­нің неме­се пас­пор­ты­ның се­ри­я­сы, нө­мі­рі)
Жол жүр­ген­де жүк­ті кү­зе­те­тін адам­дар:
1.___________________________________
2.__________________________________
3.___________________________________
20___­жы­л­ғы «___»_______­дей­ін жа­рам­ды.
Ба­сты­қ______________________________
(қо­лы)
М.О.
20__­жы­л­ғы «____» ______________

6 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1301 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының
ережесіне 14-қосымша
20__­жы­л­ғы "__"____
№ рұқ­сат тү­бір­ше­гі
_________________
(рұқ­сат­ты ал­ған адам­ның Т.А.Ә.,
__________________
оның ме­кен­жайы)
___________________
(әр­бір қа­ру­дың бір­лі­гі­нің мар­ка­сы, ка­либ­рі, са­ны)
са­тып алу­ға бе­ріл­ді
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
__________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
20  жы­л­ғы "__"_____
№____рұқ­сат­тың
төл­нұс­қа­сы
___________________
(рұқ­сат­ты ал­ған адам­ның Т.А.Ә. оның ме­кен­жайы)
____________________
(әр­бір қа­ру­дың бір­лі­гі­нің мар­ка­сы, ка­либ­рі, са­ны)
са­тып алу­ға бе­ріл­ді
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі
_____________________
(іш­кі іс­тер ор­га­ны­ның ата­уы)
20  жы­л­ғы "___"_______
№___ рұқ­сат
______________________
(рұқ­сат­ты ал­ған адам­ның Т.А.Ә. оның ме­кен­жайы)
_________________
(әр бір­лік қа­ру­дың мар­ка­сі, ка­либ­рі, са­ны)
са­тып алу­ға бе­ріл­ді
Бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) ай ішін­де жа­рам­ды
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
20  жы­л­ғы «__» ___ дей­ін жа­рам­ды.
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
Бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) ай ішін­де жа­рам­ды
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
20  жы­л­ғы «__» _____ дей­ін жа­рам­ды.
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
Бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап 3 (үш) ай ішін­де жа­рам­ды
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
20  жы­л­ғы «__» ______ дей­ін жа­рам­ды.
М.О.
Ба­сты­қ_______________
(қо­лы)
Ес­кер­ту. Рұқ­сат­ты бер­ген іш­кі іс­тер ор­га­нын­да қа­ла­ды
Ес­кер­ту. Са­тып алушы­ның қо­лын­да қа­ла­ды.
Қа­ру­ды са­тып ал­ған кез­де са­ту­шы ұй­ым сырт­қы бе­тін тол­ты­ра­ды және тір­кеу ке­зін­де іш­кі іс­тер ор­га­ны­на ұсы­ны­ла­ды
Ес­кер­ту. Са­ту­шы ұй­ым­да қа­ла­ды және қа­ру­ды са­тқан кез­де сырт­қы бе­т­ін­де тол­ты­ры­ла­ды
(сыртқы беті)
Қа­ру­дың тү­рі (қыз­мет­тік, аза­мат­тық)
жүй­е­сі
Ка­либ­рі
Нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Шы­ға­ру­шы за­уыт­тың ата­уы
Қа­ру­дың тү­рі (қыз­мет­тік, аза­мат­тық)
жүй­е­сі
Ка­либ­рі
Нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Шы­ға­ру­шы за­уыт­тың ата­уы
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_______________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
_____________________________
20 жы­л­ғы­__________________
Са­ту­шы ұй­ым­ның мөр­таң­ба­сы
_______________________
(жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы)
20 жы­л­ғы­__________________
Са­ту­шы ұй­ым­ның мөр­таң­ба­сы
______________________
(жа­у­ап­ты адам­ның қо­лы)

Қолданыстағы