Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"

Қаулы · № 363 · қабылданған 17.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2000-no-1176-ekb-78922/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" Күшін жойған Қаулы ·№ 363 ·17.04.2014
31.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"

Күшін жойған Қаулы ·№ 363 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 августа 2000 года № 1176 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия"
Атауы (қаз.)
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
363
Қабылданған күні
17.04.2014
Көрсетілген редакция
31.12.2020 78922_506185.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000363
ЭКБ идентификаторы
78922
Редакция идентификаторы
78922_506185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:01

0 "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:
«Дүкендерде азаматтық және қызметтік қаруды есепке алудың тәртібі» деген 15-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондарын сақтау, есепке алу және сату тәртібі»;
60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды:
1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен едені темірбетонды болуы тиіс;
арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
2) екі есігі, бұл ретте сыртқысы - қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан, ішкісі - торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс;
сыртқы есік ішкі құлыппен, ішкі торлы есік немесе рол-ставня ішкі немесе аспалы құлыппен жабылады;
арнайы жабдықталған қойма есігі ойығының (есіктің қорабы) диаметрі 10-12 мм арматуралы болаттан жасалған кемінде он шегемен және қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылған болат профильден орындалады;
3) қару мен патрондар стеллаждарда, пирамидаларда немесе металл жәшіктерде (шкафтарда) сақталады;
4) желдеткіш терезелер, люктер болған жағдайда, оларға бұл жүйелер арқылы өту мүмкіндігін болдырмайтын көлемі 150x150 мм аспайтын тор көздері бар болат тор орнатылады. Инженерлік желілерді тартуға арналған қабырғалардағы тесіктердің диаметрі 200 мм аспайды;
5) терезелер болған жағдайда, оларға болат торлар, сондай-ақ металл қақпақтар немесе рол-ставнялар орнатылады. Торлардың, қақпақтардың және рол-ставнялардың жиектері диаметрі 10-12 мм болат арматурадан жасалған істікпен қабырғаға кемінде 80 мм тереңдікке қағылады. Шалқасынан ашылатын терезе қақпақтары берік аспалы немесе ішкі құлыптарға жабылады. Есік, терезе ойықтарына орнатылатын торлар диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе қалыңдығы кемінде 14 мм шаршы болат шыбықтан, ал қақпақтар қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан жасалады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;
6) өртке қарсы құралдар болуы керек;
7) қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктер (шкафтар) кілттерінің екі жиынтығының болуы;
кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі — ұйым басшысында ұдайы болады;
қару мен оның патрондары бар арнайы жабдықталған қойманың және металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға тыйым салынады;
8) электр қуатымен қамтамасыз ету қалқанына жасырын сым тарту арқылы орындалған екі және одан көп күзет-өрт дабылы құралдарымен жабдықталады, терезелерді, есіктерді, люктерді ашқанда, шыныларды жарғанда немесе қабырғаларды, төбелерді, едендерді, жәшіктерді (шкафтарды) бұзғанда және адам болғанда іске қосылатын датчиктер орнатылады. Күзет дабылы құралдарының шлейфтерін үй-жай ішінде ғана жүргізуге рұқсат етіледі;
жұмыстан тыс уақытта арнайы жабдықталған қойма ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне шығарылатын жұмыс орындары бар оператор-фирмалардың орталықтандырылған бақылау пультіне сигнализация қосылып, күзетуге тапсырылады;
9) жалпы алаңы кемінде 10 м2 арнайы жабдықталған қойма сөрелерінде мыналарды:
150 кг аспайтын түтінсіз оқ-дәріні;
тегіс ұңғылы қарудың 200 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың ортадан соққылайтын 300 000 дана патронын;
ойық ұзын ұңғылы қарудың бүйірден соққылайтын 500 000 дана патронын;
қысқа ұңғылы ойық қарудың 50 000 дана патронын;
газды, травматикалық патронмен ату мүмкіндігі бар газды, ұңғысыз травматикалық қарудың 150 000 дана патронын;
жарық-дыбыстық әсері бар 10 000 дана патронды сақтауға рұқсат етіледі;
жекелеген жағдайларда, арнайы жабдықталған қойма алаңының, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару санының өзгеруіне байланысты оқ-дәрі мен патрондардың көрсетілген шекті саны ішкі істер органдарымен келісім бойынша азайтылады немесе көбейтіледі;
келісу хат жыл сайын еркін нысандағы жеке құжатпен ресімделеді, онда қару-жарақ бөлмесінің алаңы және ондағы нақты болған қарудың, қосалқы бөлшектерінің, түрлері мен калибрлері бойынша патрондарының нақты саны көрсетіледі және сақталатын түрлері мен калибрлері бойынша патрондарды азайту немесе көбейту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.
61. Қару мен патрондар сатылатын сауда залы мынадай талаптарға сәйкес жабдықталады:
1) мыналарды:
бейнетіркегішті (кемінде 2 арна);
кемінде 7 тәулік мерзімге дейін бейнеақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін тиісті компьютерлік жабдықты;
дәлдік қабілеті фото-бейне сурет бойынша адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін («күн-түн» үлгісіндегі) бейнебақылау камераларын қамтитын тәулік бойғы бейнебақылау жүйелерінің болуы;
2) орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін ұтқыр не стационарлық дабыл беру («Дабыл кнопкалары») құралдарының болуы;
3) сауда залында көруге қойылатын, сатып алуға рұқсаттар немесе лицензиялар талап етілетін қару бекітпеде орналастырылады, ол сауда залына келушілердің бақылаусыз иеленуінен қорғалады («тростық» немесе ұқсас бекітпе не сөрелерде қорғалушы шыныларды, пленкаларды орнату);
4) атыс қаруының патрондары сөрелерге оқ-дәрі зарядынсыз қойылады және шынының астында тұрады;
5) сөрелерде тұрған қару жылдам атуды болдырмайтын күйге келтіріледі;
6) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтау үшін сөрелердің артына кемінде екі шкаф орнатылады. Оқ-дәріні капсюльдермен немесе жасақталған патрондармен бірге бір шкафта сақтауға тыйым салынады.
Оқ-дәрі сатып алушыға тапсыру үшін ғана сөрелерге капсюльдермен бірге қойылуы мүмкін;
7) терезе ойықтарындағы қақпақтарды қоспағанда, осы Ереженің 60-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы;
8) жасақталған патрондарды, капсюльдер мен оқ-дәріні сақтауға арналған сауда залы мен шкафтар кілттерінің екі жиынтығының болуы;
кілттердің бір жиынтығы қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамда, екіншісі - ұйым басшысында ұдайы болады;
арнайы жабдықталған қойманың, қару мен оның патрондары бар металл жәшіктердің (шкафтардың) кілттерін үстелдерде және бөгде адамдардың қолы жететін өзге де жерлерде қалдыруға рұқсат етілмейді;
9) осы Ереженің 60-тармағы 1), 2) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуы. Сауда залы көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, дүкенді жапқаннан кейін (жұмыс уақытынан тыс) ішкі істер органдарының рұқсаттары немесе лицензиялары бойынша сатып алу жүзеге асырылатын қаруды, сондай-ақ қарудың патрондарын және оқ-дәріні қалдыруға жол берілмейді;
10) сауда залында витражды қоршаулар болған жағдайда, олар соққыға төзімді немесе шыныны тесуге төзімді материалдан жасалады, оққа төзімді шыны орнатуға жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
«63-1. Ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс қаруды сатқан кезде дүкендердің сатушылары қаруды сатып алуға рұқсатты (лицензияны) сатып алушының Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының түпнұсқасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.»;
65-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес әкелінген қару және оның өткізілуі туралы жылдық есеп ұсынады.»;
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«91. Қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын және есігінде ішкі құлпы бар металл шкафта (сейфте) сақталады. Қаруды тұратын бөлмелердің қабырғаларына ілуге жол берілмейді.
Қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ оларға әкімшілік бағынысты аумақтағы кенттер) азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері (пәтер, жеке үй), үй-жайларды күзету жүйесімен (пульттік немесе автономды сигнализация) жабдықталады. Қару иесінің қалауы бойынша қаруды тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл шкафты (сейфті) сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет дабылының түрі мен типін қару иесі айқындайды.
Қару иесінің тұрақты тұратын жерінен тыс орындарда (жеке үй, пәтер, бақтағы үй, гараж, сарай, вагон, лашық, шатыр), сондай-ақ жатақханаларда (бір отбасының мүшелері жеке белмеде тұратын отбасылық жатақханаларды қоспағанда), уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандарында, таныстарында сақтауға жол берілмейді.
Қару иесі ұзақ уақыт (үш айдан астам) болмаған кезеңде (іссапар, демалыс, емделу, әскери қызмет өткеру) қару иесінің түрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет.
Азаматтық қарудың жалпы саны 500 данадан аспайтын патрондары қарумен бірге не (500 данадан астам) жеке металл шкафта (сейфте) сақталуы мүмкін.
Сейфте қарумен бірге бөгде заттарды, оның ішінде ақша купюраларын, бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды сақтауға жол берілмейді.»;
көрсетілген Ережеге 7-1-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жүйесінің мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны»;
көрсетілген Ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 10-5-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 15-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы әуежайларының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 363 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
10-5-қосымша
Қазақстан Республикасы әуежайларының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері, саны

1 1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерін қаруландыру нормалары:

Әу­е­жай­дың авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қыз­мет­кер­ле­рі
Қа­ру тү­рі
қы­сқа те­гіс ұң­ғы­лы атыс неме­се жа­ра­қат са­ла­тын, га­з­ды және жа­рық-ды­быст­ық әсе­рі бар па­трон­да­ры­мен ұң­ғы­сыз атыс қа­руы
Ұзын те­гіс ұң­ғы­лы мы­л­тық
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің ба­стығы (оның орын­ба­са­ры)
1
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің ба­стығы
1
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің ауы­сым ба­стығы (оның орын­ба­сар­ла­ры)
1
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің аға ин­спек­то­ры
1
Ба­қы­лау-өт­кі­зу пунк­т­ін­де­гі авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің ин­спек­то­ры (кі­ші ин­спек­то­ры)
бе­кет­ке1
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті­нің қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің ауы­сым ин­спек­то­ры (кі­ші ин­спек­то­ры)
Бе­кет­ке (пат­руль­ге)1
Авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің ин­спек­то­ры (кі­ші ин­спек­то­ры) - қыз­мет­тік ит­тер­дің же­тек­ші­сі, пат­руль­дік-із ке­су­ші ит­тің бап­кер­ле­рі.
1

2 2. Оқ-дәрілердің нормалары мынадай есеппен белгіленеді:

Қа­ру ата­уы
Па­трон­дар­дың са­ны (да­на)
ауы­сым­ға жа­рақ­тал­ған қыз­мет­кер (бе­кет, пат­руль)
қа­ру бір­лі­гіне азай­тыл­май­тын қор
жыл­дық­шы­ғын
Бір қыз­мет­кер­ге прак­ти­ка­лық атыс үшін
қа­ру бір­лі­гіне атыс тек­се­ру­ле­рі
ор­ни­то­логи­ялық қам­та­ма­сыз ету
Ұзын ұң­ғы­лы те­гіс ұң­ғы­лы мы­л­тық
15 па­трон
60
10
8
30000
Қы­сқа те­гіс ұң­ғы­лы атыс неме­се жа­ра­қат са­ла­тын, га­з­ды және жа­рық-ды­быст­ық әсе­рі бар па­трон­да­ры­мен ұң­ғы­сыз атыс қа­руы
16 па­трон
20
Ескертпе:

1 1. Қарудың атысын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.

2 2. Қарудың атысын тексеруді өткізу қажеттілігін әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің бастығы жылына екі рет белгілейді.

3 3. Тегіс ұңғылы мылтыққа арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады.

4 4. Қарудың жалпы саны әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің ауысым қызметкерлерінің бекітілген штат кестесі бойынша жалпы санынан аспауы тиіс, бұл ретте 10 бірлікке бір резервтік қару ұстауға рұқсат етіледі.

5 5. Әуежайда ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету үшін қосымша екі тегіс ұңғылы қару ұстауға рұқсат етіледі.

2 Әкелінген және өткізілген қару туралы есеп

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 сәуірдегі
№ 363 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
қару мен оның патрондары
айналымының ережесіне
15-қосымша
Әкелінген және өткізілген қару туралы есеп
Р/с №
Қа­ру­дың ке­ліп тү­суі*
Қа­ру мо­де­лі­нің ата­уы,
ка­либ­рі
қа­ру­дың нө­мі­рі
сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні
кри­ми­на­ли­сти­ка­лық та­лап­тар­ға сәй­кест­ік қо­ры­тындыс­ынң нө­мі­рі мен кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ДСМ-нің 2008 жы­л­ғы 8 ақ­пан­да­ғы № 55** бұй­ры­ғы бой­ын­ша бе­рі­л­ген қо­ры­тын­ды­ның нө­мі­рі мен кү­ні
Сыртқы экономикалық келісімшарттың нөмірі, күні, ҚР ІІМ ӘПК әкелуге берген рұқсаттың
Заңды тұлғаның атауы, қызмет түріне (қаруды сату жөніндегі дүкендер үшін) берілген лицензияның нөмірі, күні, келіп түскен күні
Қаруды комиссиялық сатуға тапсырған заңды тұлғаның атауы  немесе жеке тұғаның Т.А.Ә. (комиссиялық сатуға берілген жолдаманың нөмірі, күні, кім берді), келіп түскен күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғысы
Сатылған қару
аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның са­уда­сын жү­зе­ге асы­ра­тын заң­ды тұл­ға­ға
аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­ды пай­да­ла­ну құқы­ғы бар заң­ды тұл­ға­ға
же­ке тұ­лға­лар­ға
ата­уы, ме­кен­жайы, са­ты­л­ған кү­ні
қыз­мет тү­ріне бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі мен кү­ні
са­тып алу­ға бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі мен кү­ні
ата­уы, ме­кен­жайы, са­ты­л­ған кү­ні
са­тып алу­ға бе­рі­л­ген ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі мен кү­ні
Т.А.Ә. са­ты­л­ған кү­ні
са­тып алу­ға бе­рі­л­ген рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні, кім бер­ген (іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның то­лық ата­уы)
11
12
13
14
15
16
17
Ескертпе: * 2-4-бағандар қарудың келіп түсуіне байланысты жеке толтырылады. Есепті айдың ішінде сатылмаған қару келесі есепті кезеңге ауыстырылады.
** аталған баған газды, оның ішінде жарақат салатын патронмен ату мүмкіндігі бар, ұңғысыз жарақат салатын және электрлік қару үшін толтырылады.

Қолданыстағы