Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение акима области от 3 августа 2000 года № 550 «Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 101 25782 00»

Ереже · № 667 · қабылданған 06.12.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2000-no-550-101-25782-00/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение акима области от 3 августа 2000 года № 550 «Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 101 25782 00» Күшін жойған 06.12.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в решение акима области от 3 августа 2000 года № 550 «Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 101 25782 00»

Күшін жойған Ереже № 667 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение акима области от 3 августа 2000 года № 550 «Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 101 25782 00»
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 тамыз № 550 «Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 101 257 82 00 бағдарлама бойынша несиелеу туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
667
Қабылданған күні
06.12.2000
Көрсетілген редакция
06.12.2000 8406_290127.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00T000336_
ЭКБ идентификаторы
8406
Редакция идентификаторы
8406_290127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:08
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 тамыз № 550 «Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 101 257 82 00 бағдарлама бойынша несиелеу туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес және лизингілік несиелер бөлуді реттеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Жоғарыда аталған шешімнің «Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 101 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу Ережесі» туралы жалғамаға «Лизингілік несиелеу тәртібі» жөнінде 5-ші тармақ төмендегі тармақшалармен қосымша енгізілсін:

13. Лизингілік негізде несие беру кезінде Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңының 4-бабы қатаң басшылыққа алынсын.
14. Лизингілік несиелеудің төмендегідей ерекшеліктері белгіленсін:
1) кепілдік мүліктің құны лизингілік нысан құнынан кемінде 10 пайыз жоғары болуы қажет;
2) лизингінің құны өтеу мерзімінен бұрын бөлініп төленген жағдайда өтеу сомасы ескеріліп, екі жақты кепілдік шарт қайта жасақталуы мүмкін;
3) лизингілік несие беру, оны алған субъектіге, егер оның қаржы жағдайының тұрақтылығы және жаңа несие сұраныс сомасы кепілдік мүлікпен қамтамасыз етілгендігі анықталса, лизинг өтеміне берілген демалыс мерзімінің ішінде «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша басқа несие түрлерін алуға нұқсан келтірмейді;
4) лизингілік несие бөлу кезінде туындайтын ерекше жағдайлар лизинг жөніндегі несиелік келісім-шартта көрсетілуі тиіс.

2. Жоғарыда көрсетілген Ереженің 5,6-тармақтары тармақшаларының тиісті нөмірлерін өзгерту арқылы 6,7-тармақтар болып есептелсін.