О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года № 211 "Об утверждении Инструкции о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года № 211 "Об утверждении Инструкции о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 103
- Қабылданған күні
- 15.04.2006
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI27724_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004227_
- ЭКБ идентификаторы
- 27724
- Редакция идентификаторы
- AI27724_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:35
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы осы нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 8-тармағына және 47-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған сақтандыру резервтерінің құрылымын және сақтандыру резервтерін есептеу, соның ішінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.";
11-тармақтағы "ерікті және міндетті медициналық сақтандырудың кластары бойынша" деген сөздер "ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "жинақталған статистикасын ескере отырып," деген сөздерден кейін "ОМШР-дің есебі осы Нұсқаулықтың 14-1-тармағына сәйкес жасалатын ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Ипотекалық сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР көлемі есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";
15-тармақта "Мәлімделген шағым-талап" деген сөздерден кейін "осы шағым-талап бойынша шығын мөлшерін көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта "әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша" деген сөздерден кейін ", сақтандыру ұйымы сақтандырылушының қайтыс болу тәуекелін өтемеген жағдайларда, сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру шарттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтағы "жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сыныбы бойынша және медициналық сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздер "жазатайым жағдайдан сақтандыру сыныбы бойынша және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-4-тармақ:
бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";
32-7-тармақта:
бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.".