О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 апреля 2002 года № 48 "Об утверждении Инструкции по проведению проверок государственных органов Республики Казахстан органами юстиции по соблюдению законодательства, регулирующего издание, применение, государственную регистрацию и опубликование нормативных правовых актов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 апреля 2002 года № 48 "Об утверждении Инструкции по проведению проверок государственных органов Республики Казахстан органами юстиции по соблюдению законодательства, регулирующего издание, применение, государственную регистрацию и опубликование нормативных правовых актов"
- Атауы (қаз.)
- "Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 105
- Қабылданған күні
- 04.04.2006
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2013 AI27013_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004178_
- ЭКБ идентификаторы
- 27013
- Редакция идентификаторы
- AI27013_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:39
0
"Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі N 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 1813 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 19, 608-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы N 36 және 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 325 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықта:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тексеру жүргізу үшін шығарылған нөмірі мен күнін, тексерілетін органның атауын қамтитын, тексеру тобының жетекшісі мен қатысушыларын, тексеру нысанын және тексеру кезеңін анықтайтын әділет органдарының бұйрығы шығарылады.
Тексеру басталғанға дейiн тиісті ақпаратты есепке алу карточкасы толтырылған бұйрық және оның көшірмесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне немесе оның аумақтық органдарында (бұдан әрі - уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3999 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеруді есепке алу нұсқаулығының талаптарына сәйкес тіркелуге жатады.
Тексерісті уәкілетті органда тексеру жүргізу туралы бұйрық тіркелгеннен кейін әділет органы жүргізеді.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тексеріс мерзімі ұзартылған, не ол тоқтатылған, жаңартылған, сондай-ақ есептен шығарылған жағдайда (өткізілмеген тексеріс ретінде) тиісті есепке алу карточкасы толтырылады және уәкілетті органға ұсынылады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тексеру қорытындылары бойынша ол аяқталған сәттен бастап 7 күннен кешіктірмей табылған кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту бойынша нақты нұсқаулары бар екі данада акт жасалады. Бір данасы тексерілген органға жіберіледі, екіншісі әділет органында қалады.
Актіге қол қойылғаннан кейін әрбір тексерілетін объектіге белгіленген үлгідегі талон-қосымша толтырылады және тексеру аяқталғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынылады.";
34-тармақта "2001 жылғы 21 мамырдағы N 54" деген сөздер "2002 жылғы 12 маусымдағы N 87" деген сөздермен ауыстырылсын.