О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2003 года № 648 "Об утверждении перечня железнодорожных пунктов пропуска на Государственной границе Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2003 года № 648 "Об утверждении перечня железнодорожных пунктов пропуска на Государственной границе Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1608
- Қабылданған күні
- 14.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2013 AI69343_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001608
- ЭКБ идентификаторы
- 69343
- Редакция идентификаторы
- AI69343_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:26
0 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы -темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесінде:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Мерке (Жамбыл облысы).»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
Достық (Алматы облысы)
Алтынкөл (Алматы облысы).»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Түрікменстанмен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
Болашақ (Маңғыстау облысы).».
2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Түрікменстан өкілдіктерінің назарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ақпаратты жеткізсін.