О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года N 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года N 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту" туралы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-266п
- Қабылданған күні
- 28.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2010 AI38634_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08A000513_
- ЭКБ идентификаторы
- 38634
- Редакция идентификаторы
- AI38634_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:55
0 Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту" туралы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы " Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына, "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына(Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 40 нөмірінде жарияланған) "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 23-698қ қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 448 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2006 жылғы 5 қазандағы N 151 нөмірінде; "Вечерняя Астана" газетінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі N 164 нөмірінде жарияланған) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбуладағы ", Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне" деген сөздер алынып тасталсын;
2 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2 "2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі Қағидаға сәйкес "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.";
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидасында:
преамбуладағы ", Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне" деген сөздер алынып тасталсын:
1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1 "1. Ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік қолдау көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектерді ертіп жүруге көрсетіледі.";
2-тармақта:
"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер"," деген сөздер алынып тасталсын;
бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар)" деген сөздер "бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Бағдарламаларды" деген сөз "Бағдарламаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "мен Астана қаласы мәслихаты берген құрметті азаматтардың тізімдері" деген сөздер алынып тасталсын;
5 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
5
«"5. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген адамдарды әлеуметтік қолдау ай сайын, ақшалай қаражатты Астана қаласы банктерінің бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карт-шоттарына аудару арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.";
5-1-тармақтағы "1-тармағы 1-тармақшасында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Бағдарламаларды" деген сөз "Бағдарламаны" деген сөзбен ауыстырылсын.
2 2. Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 23-1194қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысынаөзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т. Қожағапановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім А. Мамин