О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2004 года № 1254
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2004 года № 1254
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 11.03.2007
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI32310_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070000177_
- ЭКБ идентификаторы
- 32310
- Редакция идентификаторы
- AI32310_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:58
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1 1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. 2007 жылғы 15 сәуiрден бастап алкогольдiк өнiмдi жаңа үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгiзiлсiн.
2-2. Ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейiн жүргiзiледi.";
2 2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер мен импорттаушылар, алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жүзеге асырады деп белгiленсiн.";
3 3) 5-тармақта:
1) тармақшада "есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздердiң алдынан "жаңа үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2007 жылғы 1 мамырға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткiзсiн және тендердiң жеңiмпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына бақылау жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердiң жеңiмпазынан алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бiрiншi легi алынғанға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келiсiм) жасассын;";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 177 қаулысына
қосымша
Шарап материалдары мен сыраны
қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке
алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiне
қосымша
Алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны