О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года № 130
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года № 130
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1045
- Қабылданған күні
- 08.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2017 AI54758_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100001045_
- ЭКБ идентификаторы
- 54758
- Редакция идентификаторы
- AI54758_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:12
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарында:
3-тармақтағы "атқарушы органдармен" деген сөздер "уәкілетті органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жеке және заңды тұлғалар су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды;
2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасын, жобаларын;
3) осы Ережеге 3, 4-қосымшаларға сәйкес су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбаларды, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды келісу үшін құжаттарды ұсынады.";
18-тармақтағы "он бес күн мерзімде" деген сөздер "күнтізбелік он бес күн ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3, 4-қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар және басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісуге арналған құжаттардың тізбесі (жеке және заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1045 қаулысына
1-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
1-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар және басқа да құрылыстар салынатын орындарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісуге арналған құжаттардың тізбесі (жеке және заңды тұлғалар үшін)
1 1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.
2 2. Жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
3 3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН).
4 4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін).
5 5. Жер учаскесін таңдау және зерттеу актісінің (немесе жергілікті атқарушы орган шешімінің) көшірмесі.
6 6. Ұйым жарғысының (ережесінің) көшірмесі.
7 7. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.
8 8. Жер учаскесі шекараларының жобасы.
9 9. Егер жер учаскесі су шаруашылығы құрылыстарының (каналдар, суармалы арықтар) жанында орналасқан жағдайда, осы құрылыстарды пайдаланушы ұйымның келісімін ұсыну қажет.
2 Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасын, жобаларын келісуге арналған құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1045 қаулысына
2-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
2-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасын, жобаларын келісуге арналған құжаттардың тізбесі
1 1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.
2 2. Түсіндірме жазбасы бар жоба (техника-экономикалық негіздеме, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау бөлімі).
3 3. Лицензияланатын түрлер тізбесімен бірге жобалау ұйымының мемлекеттік лицензиясы.
4 4. Жоба жасауға тапсырма және тапсырыс беруші мен жобалаушы арасындағы шарт.
5 5. Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің, Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі.
6 6. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН).
7 7. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
8 8. Ұйым жарғысының (ережесінің) көшірмесі.
9 9. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.
10 10. Жер учаскесі шекараларының жобасы.
3 Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі (жеке тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1045 қаулысына
3-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
3-қосымша
Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі (жеке тұлғалар үшін)
1 1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның атына өтініш.
2 2. Жеке куәліктің көшірмесі.
3 3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН).
4 4. Жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттардың (сатып алу-сату шартының, мұрагерлікке құқығы туралы куәлігінің, Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, жергілікті атқарушы орган шешімінің, қаулысының) көшірмесі.
5 5. Келісуге ұсынылып отырған құрылыстардың, сондай-ақ жұмыстарды жүзеге асыруға пайдаланылатын машиналар мен механизмдердің техникалық паспорттарының көшірмелері.
6 6. Техникалық шарттардың не сумен жабдықтау және су бұру шартының көшірмесі; егер теңгерімінде меншікті су тарту құрылғысы бар болса, онда оларға материалдар, рұқсат беретін құжаттар.
7 7. Қалалық кәріз болмаған жағдайда - сарқынды суларды алып кету орны міндетті түрде көрсетілген осы ауданның мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының септикке қорытындысы, сондай-ақ сарқынды суды шығаруға шарттың көшірмесі.
8 8. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімінің көшірмесі немесе жерге байланыстырылған және су объектісі (бар болған жағдайда) белгіленген ахуалдық масштабтағы схема.
9 9. Жер учаскесі шекараларының жобасы.
10 10. Егер жер учаскесі су шаруашылығы құрылыстарының (каналдар, суармалы арықтар) жанында орналасқан жағдайда, осы құрылыстарды пайдаланушы ұйымның келісімін ұсыну қажет.
4 Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі (заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы
№ 1045 қаулысына
4-қосымша
Судың жай-күйіне әсер ететін
кәсіпорындар мен басқа да
құрылыстарды келісу, оларды орналастыру
және пайдалануға беру ережесіне, сондай-ақ
су объектілерінде, су қорғау аймақтары
мен белдеулерінде құрылыс және басқа
да жұмыстар жүргізу шарттарына
4-қосымша
Су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кәбілдер, құбыржолдар және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізуді келісуге арналған құжаттардың тізбесі (заңды тұлғалар үшін)