О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года № 130 "Об утверждении Правил согласования, размещения и ввода в эксплуатацию предприятий и других сооружений, влияющих на состояние вод, а также условий производства строительных и других работ на водных объектах, водоохранных зонах и полосах"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2004 года № 130 "Об утверждении Правил согласования, размещения и ввода в эксплуатацию предприятий и других сооружений, влияющих на состояние вод, а также условий производства строительных и других работ на водных объектах, водоохранных зонах и полосах"
- Атауы (қаз.)
- "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 754
- Қабылданған күні
- 01.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2017 AI59547_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000754
- ЭКБ идентификаторы
- 59547
- Редакция идентификаторы
- AI59547_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:04
0
"Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесін, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 73-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды келісу, оларды орналастыру және пайдалануға беру ережесінде, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын келісу рәсімін мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, оларға жобалық құжаттама ұсынылғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс және басқа да жұмыстар шарттарын келісу рәсімін тиісті мемлекеттік органдар өтініш беруші оларға қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.".