О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года № 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года № 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-569п
- Қабылданған күні
- 17.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2010 AI46733_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000585_
- ЭКБ идентификаторы
- 46733
- Редакция идентификаторы
- AI46733_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:55
0 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 40 нөмірінде жарияланған; "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 23-266қ қаулысыменөзгерістер енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 наурызда N 513 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 48 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 44 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша "департаменті" деген сөз тиісінше "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент" деген сөздер "басқармасы", "Басқарма" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов